Серік Мырзалы философия оқу құралы


лингвистикалық философияның



Pdf көрінісі
бет300/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

лингвистикалық философияның 
өкiлдерiн алып қарасақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн 
тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан 
көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана «тiлге сын» 
ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң «Логикалық-философиялық трак-
таттар» деген еңбегiнде ол: «Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң дүниемнiң 
шеңберiн құрайды», – дейдi. Бұл философия саласында ашылған үлкен 
жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы 
сол халықтың дүниесезiмi мен дүниені қабылдауына, керек болса
дүниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тигiзедi. Оны бiз қазiр 
«халықтың ділі» деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi 
идеясы – тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi 
неше түрлi дерексіз ұғымдардың құрсауына қамап, адастырады.
ХХ ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге 
келдi, оны 
постпозитивизм
(соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi 
өкiлдерi – 
Карл Раймунд Поппер
(1902-1994 жж.), 
Томас Самюэль 
Кун 
(1922 ж.), 
Имре Лакатос
(1922-1974 жж.), 
Пауль Фейерабенд
(1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер
ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң 
жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуында пайда болған 
ешқандай теория «соңғы ақиқат» емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске 
шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең 
табиғаты – олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны 
ол 
фаллибилизм
(қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы, негiзiнен 
алғанда, неғұрлым әртүрлi 
гипотезалардың
көбiрек ұсынылуымен 
бiрге оларды 
фальсификациялаумен
(терiске шығаруға тырысу, оған 
қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым 
дүниетану жолында тереңдей түседi.
Өзiнiң жалпы дүниеге деген көзқарасында ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет