материалдық әлем
, екіншісі –
рух әлемі
, адамның жан дүниесі мен
санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі объективті, адамның санасына
тәуелсіз өмір сүрсе, екінші – рух әлемі – адамның, яғни субъектінің
ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіліктерімен тығыз
байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді
анықтасақ, сана арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз.
Уақытында ұлы Л.Фейербах айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни
болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну дәрежесіне көтеріледі».
Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіні тудырады,
яғни ол материалдық дене, сонымен қатар санасы бар, өзінің сан алуан
қажеттіліктерін өтеу үшін іс-әрекет жасай алатын пенде –
адам
. Соны-
мен, жоғарыда айтылған екі Әлем адамның бойында жинақталады екен.
Адам дене ретінде өз қажеттіліктерін өтеп, басқа тіршіліктер сияқты,
осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте болу-
мен теңеле ме? Бұл дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп
жатқан жоқ па? Әрине, адамды құмырсқаға, бұл тіршіліктегі қайсыбір
жануарға теңеу үлкен қателік болар еді. Адамды шынайы адам қыла-
тын – оның
санасы, ішкі рухани өмірі
, соның негізінде пайда болатын
шығармашылық іс-әрекеті емес пе?! Қайсыбір жануарды алсақ та, ол
өз болмысын бұлдыр, көмескі сезінеді, өз өмірі мен өлімі, жалпы әлем
жөнінде тебірене алмайды. Тек адам ғана бұл өмірде тіршілік жасап
қоймай, сонымен қатар дүниенің болмысы, өз халқының тағдыры, оның
ар жағында бүкіл адамзат, жалпы тіршілік жөнінде ойланып тебіренеді,
«мен бұл дүниеге не үшін келдім»
деген сұрақты өз алдына оқтын-
оқтын қояды. У.Шекспирдің Гамлеті қойған сұрақ «to be ore not to be? –
That іs the guestіon!» (Болу ма, я болмау ма? – Міне, негізгі сұрақ!) адам-
зат қаншалықты өмір сүрсе, соншалықты өміршеңді болып қала бермек.
ХХ ғ. ортасында бұл сұраққа әдейі арнап кітап жазған көрнекті амери-
кан философы Э.Фромм қазіргі Батыс цивилизациясы адамның өмірдегі
болмысын баю, иелену арқылы көреді деген тұжырымға келіп, оның
тигізген барлық теріс әсерін көрсеткен болатын. Қазақ халқы өзінің
трагедияға толы тарихында өз жолынан таймай, «жігіт бір сырлы,
сегіз қырлы» болуы керек, әр күнді бағалап, оны қуаныш, той-думан,
371
өнерсайысқа айналдыру керек деп есептеген, бұл оның даналығын
көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңдағы реформа кезінде біз осы сара жол-
дан тайып, Батыс дүниесезіміне,
тойымсыздыққа
қарай ауысып бара
жатқан жоқпыз ба? деген сұрақ та ойландырмай қоймайды.
Адамның саналы шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде жер
бетінде
Достарыңызбен бөлісу: |