«екінші табиғат»
болмысы пайда болды. Егер «бірінші
табиғат» деп біз адам қолымен өзгеріске түспеген тағы табиғатты
айтатын болсақ, «екінші табиғат» адамның саналы іс-әрекеті арқылы
өзгеріске түскен. Егер жануар өзіне қажеттінің барын таза табиғаттан
тауып алатын болса, адам оған қанағаттанбайды. Сондықтан ол
табиғатты өзгертіп, өз мүддесіне сай етіп өмір сүреді. Оның бүгінгі
таңдағы көріністері – алып қалалар, асфальт және теміржолдар,
жасанды көлдер мен ормандар, мәшинелер мен неше түрлі техникалық
жабдықтар т.с.с. Олардың бары де – саналы іс-әрекеттің туындылары.
Олай болса, адамның санасы мен рухы осы екінші табиғаттың туынды-
ларында
сөнген
, яғни
заттанған
. Қайсыбір адамның қолымен жасалған
заттың негізінде белгілі бір идея жатыр. Сол жасалған затты пайдала-
нып, оны игерген кезде, сөнген
идея
дереу
«лап етіп жанып»
, тағы да
сол адамның ішкі рухани өмірінің құрамдас бір бөлігіне айналады, яғни
заттанған идея өзінің материалдық қабығынан босап, тағы да
санаға
айналады. Екінші табиғаттың бұл терең сырын жете түсіну үшін,
оқырманға бір қарапайым мысал келтірейік. Егер сіздің мәшинеңіз
сынып қалса, сіз сол сынған бөлшекті қолыңызға алып, ең алдымен ол
қалай жұмыс істейтінін түсінуге тырысасыз, бұл жайтты түсінген кезде,
соны ойлап шығарған инженердің сол бөлшекте заттанған идеясын тағы
да «тірілтіп», өз санаңыздың байлығына айналдырасыз. Егер сіздің
техникаға икеміңіз болса, сол бөлшектің жетілмеген жерін анықтап,
оны тіпті қайта өзгертуіңіз де мүмкін. Оны қоғам рационализаторлық
әрекет деп бағалайды. Идеяның затқа, заттың қайта идеяға айналуы
диалектикасын осы мысалдан көруге болады. Қорыта келе айтарымыз:
мыңдаған жылдардағы адамзат қолынан шыққан туындыларда оның
барлық дүниеден алған тәжірибесі, шығармашылығы, білімі заттанған.
Әрбір дүниеге келген жаңа ұрпақ соларды игеріп, оны ары қарай дамы-
тып, өзінің рухани байлығына айналдырады.
Енді, міне, сол «екінші табиғатты» тудырған адамның рухани бол-
мысын талдауға да уақыт келіп қалған сияқты. Алғашқы жақындағанда,
оны екіге бөлуге болады. Біріншіден, ол тарихи сахнада өмір сүріп
жатқан
Достарыңызбен бөлісу: |