Кеңес
заманында
жалпылық басыңқы
санатқа
айналып, жеке адамдардың құқықтары, олардың шығарма-
шылық ерекшеліктері
дұрыс ескерілмеді
, сондықтан
қоғам тоқырауға
ұшырады
. Бүгінгі таңда біз, керісінше, ағымды байқаймыз. Жекелік,
адамдардың құқыларын сақтау, оларды шығармашылық жолға,
ізденіске бағыттау – қазіргі саясаттың негізгі арқауы болып отыр. Ол,
бір жағынан, экономикалық дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік
берсе, екінші жағынан, ұжымдық мүдделердің іске асуына нұқсан
келтіруде, ол бүгінгі таңда баршаға аян.
Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тереңдеген сайын, жалқы мен
жалпылық диалектикасының маңызы арта түсуде. Оны ұқыпты
түрде ескермейінше, біз саясатта үлкен қателіктер жіберуіміз мүмкін.
Шынында да, қазақ елі алыстағы Франция, я болмаса Бразилияға
ұқсамайды, тіпті бізге жақын елдердің өзі де (Өзбекстан, я болмаса
Ресей) басқаша. Осы тұрғыдан қарағанда, біздің ата-бабаларымыз таңдап
алып, өз Отанына айналдырған жерлер мал өсіруге лайықты, табиғаты
қатал, суға тапшы, сонымен қатар өрісі кең жерлерде орналасқан.
Сондықтан да
ауыл шаруашылығы
қазақ елінің экономикасының
жетекші салаларының
бірі болып, болашақта да қала бермек. Осын-
дай кең-байтақ, сонымен қатар суы тапшы елде бір жылы жақсы егін
орылса, екінші жылы қуаңшылық болмауына ешкім кепілдік бере
алмайды. Мұндай жағдайда кішігірім фермерлік шаруашылықтардың
өмір сүруі екіталай. Оны қазіргі өмір көрсетіп те жатыр. Осы тұрғыдан
алғанда, көп ұжымдық мықты ауылшаруашылық мекемелерін
жасанды
банкрот етіп құрту
– саясатта жасалған үлкен қателіктердің бірі
болды. Өмір олардың орнына үлкен алпауыт
лендлордтарды ауылға
әкелді. Ал олар ауылдың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлмейді.
Олардың негізгі мақсаты – егінді егіп, уақытында жинап алып, нарыққа
мейлінше қымбатқа өткізу, ал одан пайда болған қаражаттың пілдей
бөлігі, негізінен, қалада қорлануда… Бүгінгі таңдағы жеке кішігірім
фермерлік шаруашылықтардың қайта кооперацияға өтуге тырысуы –
осы елдің ерекшеліктерінен шығады. Сонымен қатар өзен-су бойында
орналасқан, суармалы тұрақты өнім алуға мүмкіншілігі бар жерлерде
фермерлік шаруашылықтар тиімді болуы әбден мүмкін.
Ал енді жер байлығына келсек, елдің мұхиттан алыс болуына
байланысты, оларды басқа елдерге экспорттаудың жол қаражаты өте
қымбат. Сондықтан шикізат етіп сыртқа шығарудан гөрі, оларды өңдеп,
378
мұнайдан бензин, керосин т.с.с., мыстан неше түрлі кабельдерді, ал
жүре келе электр жабдықтарын жасаған жөн. Бірақ бүгінгі таңда оған
қаражат жеткіліксіз… Сонымен қатар алғашқы капитал тез қорланбай,
іскерлердің әсем сарайлары мен «Мерседестерінен» қалмай жатқан
жақтары да жоқ емес.
Олай болса, біз өзіміздің ерекшеліктерімізді мұқият зерттеп,
жалаң еліктеушіліктен арылуымыз қажет. Сонымен қатар алға озып
кеткен елдердің жетістіктерін өз ортамызға, соған тарихи икемдел-
ген сана-сезімімізге
Достарыңызбен бөлісу: |