Серік Мырзалы философия оқу құралы


реализм (realіs – латын сөзі, шынайы) мен  номи-



Pdf көрінісі
бет349/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

реализм
(realіs – латын сөзі, шынайы) мен 
номи-
нализм
(nomіnіs – латын сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. 
Негізгі мәселе – жалпылықтың (сол кездегі терминмен айтсақ – 
универсалиялардың) онтологиялық мәртебесін анықтауда болды. Реа-
листер жалпылық жеке заттардан бөлек өмір сүреді деген пікірге 
келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін идеалдық 
әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы, ортағасырлық 
схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі 
өмір сүреді деген пікірге келеді. Біріншіден, ол Құдайдың ойынан 


376
шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың 
ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда 
болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, 
олар тек дара жеке өмір сүретін заттар ғана шынайы, ал жалпылық 
дегеніміз – заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған 
есімдер ғана деген пікірге келеді.
Жаңа дәуірдегі
ойшылдар көбіне 
номинализм
бағытына жақыны-
рақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, 
оларды ойлап шығарған адамның зердесі деген пікірге келеді, олар 
неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу 
тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты 
тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді. 
И.Кант бұл ойды тереңдетіп, жалпылықтың екі түрін мойындайды. 
Олар – 
тәжірибеден шығатын
және 
априорлық
(тәжірибеге дейін 
берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жаса-
латын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір 
күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін. 
Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет