Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет396/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Синергетика әдістемесі
Әрине, ғылымтану әдістемесі де бір орында тұрып қалмайды. 
ХХ ғ. 80 ж.ж. Батыста 
«синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағы-
насын береді) ілімі
пайда болды. Оның негізін қалаған И.Пригожин 
мен Г.Хакен болды. Синергетика – ашық және өз-өзіне толығынан тең 
емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеруі, дамуы заңдылықтарын 
зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік.
Расында да, бұл әлемде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан 
кейін, «жабық жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес 


468
қоғамының артта қалуының себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін 
жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан кейінгі Албанияны 
алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ ортасында 
болса да, қайыршылық деңгейге жеткен жоқ па?
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмай-
тыны да айдай анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен 
құбылыстар өз әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ бүкіл дүниені біртұтас 
«Үлкен жүйе» ретінде қарасақ, онда оның тепе-теңдігін кім, я болмаса 
не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым оны вакуум-
нан көреді.
Енді «өзіндік ұйымдасу» ұғымына келер болсақ, бұл идея филосо-
фия тарихында көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы 
дамуға мүмкіндігі бары жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс 
сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі табиғатты зерттейтін 
жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «термодинамиканың екінші 
бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа 
айналу) заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген бола-
тын. Сондықтан биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция, 
күрделену» заңдылықтары, жалпы жаратылыстану ғылымында үлкен 
қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия заңдылығы дүние бара-
бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші жағынан, био-
логия ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет