Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет394/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

метафизикалық әдістемені
талдау 
үшін, ең алдымен осы ұғымның мағынасын анықтау керек. Уақытында 
Аристотельдің болмыс іліміне арнаған «Бірінші физика» атты еңбегін 
Андроник Родосский «Метафизика» (физиканың ар жағында деген 
мағына береді) деген атпен жарыққа шығарған болатын. Сол уақыттан 
бастап осы күнге дейінгі бұл санаттың негізгі мағынасы – болмыс ілімі, 
табиғаттың ар жағында жатқан терең философиялық мәселелерді тал-
дау. Мысалы, «бұл дүние шектелген, я шексіз бе, мәңгілік, я уақытша 
ма», «ақиқат, ізгілік, әсемдік, бақыт дегеніміз не», «Құдай бар ма, я жоқ 
па» т.с.с. сұрақтар.
Жаңа дәуірде Г.Гегель бұл санатқа екінші мағына берді. Ол – 
диалектикалық әдістемеге қарсы тұрған даму тұжырымы. Олай болса, 
метафизика дамуға қандай тұрғыдан қарайды деген заңды сұрақ туады.
Қозғалыс, дамудың қайнар көзін 
метафизика сыртқы ықпал, 
себептен
көреді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, тұлғаның 
білім алуы оған білім беретін мұғалімдердің сапасына байланысты 


466
(сыртқы ықпал). Бірақ сол адамның білімге деген құштарлығы, білгені 
мен білмейтіні арасындағы ішкі қайшылық оның жүрегінде от болып 
жанбай, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де, 
терең білім ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол өз 
белсенділігі арқасында жақсы маман болып шығуы ғажап емес. Бүгінгі 
өмірде «Мен шетелден оқып келдім», – деп «ысқырығы жер жарғанмен, 
айдағаны бір-ақ ешкі» азаматтарды жиі кездестіруге болады. Оларды 
шетелдерде оқытуға әке-шешелерінің қолы жеткенмен, балалары 
үміттерін ақтамайды.
Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса 
кішіреюіне» теңейді. Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрық
метафизикалық тұрғыдан қарағанда, – кішкентай аяқ-қолы, басы бар 
адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. Ал қазіргі 
ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, 
ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен 
жолын қысқаша қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық 
қасиетке ие болу үшін, негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған 
жылдар бойы дамытқан тілін меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны 
ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы организм) филогенезді (тектің 
дүниеге келіп, өмір сүруі) қайталауы дейді.
Метафизика дамуды өткен сатыны қайталаумен теңейді. «Бұл 
Ай астындағы дүниеде еш жаңалық жоқ, бәрі де өз шеңберіне ора-
лады. Қыстан кейін тағы да көктем, жаздан кейін келетін күз тағы да 
қыс мерзіміне әкеледі» деген «терең» пайымдауды оқырман талай рет 
естіген болар. Сырттай қарағанда, дәл сол сияқты. Бірақ биылғы қыс 
өткенмен толық тең емес. Табиғатта біз байқай алмайтын, я болмаса 
мән бермейтін жаңалықтар өне бойы болып жатады да, мыңдаған жыл-
дардан кейін белгілі бір жаңа сапаға әкеледі. Өкінішке қарай, адамның 
бұл өмірдегі өмірі өте қысқа. Егерде біз мыңдаған жыл өмір сүрсек, 
онда біз өміріміздің соңында табиғаттың жаңарғанын, жас кезімізде 
болмаған құбылыстардың дүниеге келгенін байқаған болар едік. Біз, 
мысалы, өткен заманда динозавр, птеродактиль сияқты алып жануар-
лар мен құстардың өмір сүргенін білеміз. Оның айғағы – жер астында 
қалған солардың сүйектерінің қалдықтары. Қорыта келе, табиғаттың 
өзі өне бойы даму үстінде екенін, метафизикалық «бір шеңбердегі 
қайталаудың» жалғандығын байқауға болады.
Қоғамтану, саясат, дипломатия т.с.с. салаларда софистика мен эклек-
тика – жиі кездесетін құбылыстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет