469
Әңгіменің қиындығы мынада. Мұндай жүйенің ары қарайғы даму
жолын алдын ала анықтау тіпті де мүмкін емес. Әрине, компьютерлік
бағдарламалар арқылы біршама даму жолдарын анықтауға болады.
Дегенмен де жүйенің қай жолмен ілгері дамитыны әрқашанда белгісіз
болып қала береді. Сөйтіп, даму барысындағы көптінділік мойындалды
да, бұрынғы классикалық біртінділік даму заңдылықтары (заттың
дамуының бастауын, қазіргі ахуалын зерттеп, болашақта не болатынын
болжау) сирек кездесетін құбылысқа айналды.
Синергетика іліміндегі
флуктуация
(болар-болмас нәрсенің бейнақ-
тылық дәрежеге көтерілген үлкен күрделі жүйені жаңа даму жолына
түсіріп жіберу мүмкіндігі) ұғымының қоғамтануда, саясаттағы рөлі зор.
Қоғам өміріндегі даму үдерістері бифуркациялық нүктеге жақындаған
кезде, қайсыбір кездейсоқ оқиға, тіпті жеке адамның іс-әрекеті,
ойламаған жерде үлкен әлеуметтік дүмпулерге әкелуі мүмкін.
Сонымен, синергетика философиялық-әдістемелік дәрежеге көтеріл-
ген соңғы жылдардағы теория десек, қателеспейтін болармыз. Осы
теорияның арқасында біршама диалектикалық санаттар: мүмкіндік
пен шындық, кездейсоқтық, біртінділік пен көптінділік, ақпарат,
қайшылық, себептік т.с.с. өздерінің жаңа жақтарымен көрініп, ғылымда
басқаша елеулі мағынада қолданыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: