48
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары
Даосизмнің моральдық ілімі Кун-фу-Цзы (Конфуций) іліміне қарама-
қарсы. Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігі
қағидасын сынға алып, олар оны «мен – саған, сен – мағанға» теңеп,
«оның ешқандай моральдық мәні жоқ,
тек қана пайда табушылыққа
итереді» деген ойды айтады.
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау.
Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген
өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса
керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске
жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», – дейді даостар.
Даосизмнің әлеуметтік-саяси
көзқарастарына келетін болсақ, қоғам
өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса,
онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне
алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін
тыңдап, өздерінің қартайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін
айтады.
Даосизм
ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал
білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір
айтады. Өйткені әрекет жасамау барлық заттардың өзінің мақсатына
лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше,
«ең
жақсы елбасын, яғни тек оның
Достарыңызбен бөлісу: