47
сады, әртүрлі дыбыстар бір-біріне қосылып, гармония (harmonіa – грек
сөзі, үйлесімділік) тудырады. «Қарама-қарсылыққа айналу – даоның
қозғалысы». «Мінді мінсіздікті сақтайды». Бұл бос сөз бе? Ол –
адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан
өту үшін
жеңілден бастау керек, ұлы нәрсе кішіден басталады, көп
нәрсе
аздан тұрады, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек…
кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады.
Кім өлшемді сақтаса,
сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе, қауіптен құтылады. Егер
жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады».
Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері бізді өзінің терең
даналығымен таңғалдырады. Онда дүниенің терең мәні, адамның өмір
сүруіне қажетті қасиеттер көрсетілген.
Тек оқы да, бойыңа тоқы.
Аз
күнде ұлылық дәрежеге көтерілем деп, беліңді шойыртып алма, күнбе-
күн аз-аздап, шаршамай-талмай еңбек ет, сонда ғана белгілі нәтижелерге
жетуге болады. Даосизмнің
бұл нақыл сөздері жастарға, я болмаса
қарапайым адамдарға ғана емес, біздің саяси және экономикалық дегдар
топтың кейбір өкілдеріне қандай керек десеңізші!!!
Достарыңызбен бөлісу: