44
Философияның дүниеге келген тарихы
қола заманнан темір
дәуіріне
өтумен тығыз байланысты.
Темірді игеру адамзат тари-
хына түбегейлі өзгерістер әкелді. Соқаның басына кигізілген үшкір
темір жерді терең жыртуға, яғни оны өңдеуді жетілдіруге әкелді.
Нәтижесінде мол өнім алынып, байлықтың көзі ашыла бастады.
Қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы тереңдей түсіп, әсіресе ерекше
атап өтуге тұратын –
ақшалық-тауарлық байланыстар
тез өсті.
К.Маркстің
уақытында айтқанындай, алтынның «сезімдік заттық»
мағынасынан өтіп, адамдар оның «абстрактілік» құдіретті қасиетін
ашты. Алтынның ең құдіретті қасиеті – оны басқа заттарға теңеу
мүмкіндігі. Әрине, алтынды қолға алып,
оны көзбен көріп, салмағын
байқап, тіске салып жұмсақтығын анықтауға, оны «сезімдік зат»
ретінде қарауға әбден болады. Бірақ, сонымен қатар ой арқылы белгілі
алтын көлемін төрт қойға,
болмаса екі сиырға, жылқыға теңеуге
де болады, яғни адамдар заттардың құнын анықтап, оларды бір-
бірімен салыстыра алатын жағдайға көшеді.
Мұның өзі адамдардың
Достарыңызбен бөлісу: