38
цуз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа жеткізген жолды сол
жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан.
Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттеген-
нен кейін, олардың әдістемелік қызметі әділетті шындықтың жалпыға
бірдей үлгілерін жасау арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың
орнын, зерттеуге керек таным құралдарын – санаттар, заңдар, принцип-
тер сияқты ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе гуманитарлық
пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық
бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. ХХ ғасырдағы
ғылым мен техниканың өте тез дамуына байланысты философияның
әдістемелік қызметінің де мәні өсуде.
Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші
жағынан, әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық»
пәндер дүниеге келіп жатыр. Қазір адамзаттың алдында неше түрлі
экологиялық, демографиялық, урбанизациялық, ғарыштық т.с.с.
мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке ғылымдардың басын
біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек. Ал
мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принцип-
тердің негізінде ғана іске аспақ.
Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін,
келесі тарауда біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол – фило-
софия тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: