37
(іdentіfіco – латын сөзі, теңеймін), біз дүниежүзілік философияны
зерттеп, қазақ халқының дүниетанымы онда қандай орын алаты-
нын анықтауымыз керек. Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани
дағдарысы неде, ғылым мен техника қаншалықты биік дәрежеге
көтерілгенмен, қазіргі миллиондаған адамдар өздерін неге бақытсыз
сезінеді, біз өзіміздің реформаларымызда қандай елдердің тәжірибелерін
үлгі ретінде алуымыз керек және оларды өзіміздің ерекшеліктерге сай
етіп пішуіміз керек деген т.с.с. сұрақтарға жауап беруіміз керек. Бұл
сұрақтардың жауаптары жеке адам, я болмаса бүкіл қоғамның болашақ
тағдырына әсерін тигізбей қоймайды. Ал олардың бәріне де терең
жауап беру философия арқылы болмақ, өйткені барлығы – дүниеге
деген көзқараспен байланысты мәселелер.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі көп қиындықтар, тіпті қателіктер,
біздің өмірді жаңарту жолындағы үстірт еліктеу, қайсыбір ақиқаттың
нақтылығын ұмыту, жалпы алғанда, біздің жаңа қалыптасып жатқан
саяси және экономикалық элитамыздың философиялық дайындық
дәрежесінің тайыздығымен, интеллектуалдық элитаға мән бермеу-
мен көп жағдайда байланысты болып отыр. Әрине, сонымен қатар көп
мәселелердің түп-тамыры біздің соңғы ғасырлардағы бодандығымызға
кетеді. Бірақ оған қаншалықты сілтей береміз?
Дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға
керек. Өйткені жастар – елдің болашағы. Философияны терең оқып-
білген адамның ғана дүниеге көздері ашық, қазіргі адамзат өміріндегі
болып жатқан шымшытырық тартыс,
Достарыңызбен бөлісу: