36
қарап, адамның пенде екендігін, оның Құдай еместігін алаңдаушылық
сезіммен бізге жеткізеді.
Бұл мәселе әсіресе біздің жаңару үстіндегі қоғамда жүргізіліп жатқан
іс-әрекеттермен тығыз байланысты. Дүниені
коммунистік тұрғыдан
толығынан өзгерту жолынан бас тартып, біз келесі біржақтылыққа –
«нарықтық жұмақ» орнату жолына түсіп кеткен жоқпыз ба?
Біз неге
өткен қоғамның тиімді жақтарын ұстап қала алмадық? Біз қаншалықты
өзгерген қоғам орнатуымыз керек? Бұл сұрақтар – ашық сұрақтар.
Оқырман дүниеге деген өз көзқарасының шеңберінде бұларға өзі жауап
табуға тырысса екен дейміз.
Қорыта келе, философияның негізгі мәселесінің бірінші – онтоло-
гиялық жағы: «Бұл дүние не?» –
деген сұраққа жауап берсе, екінші –
гносеологиялық, праксеологиялық, аксиологиялық жақтары: «Бұл
дүниені
қалайша танып-біліп, бағалап, өзгертуге болады?» – деген
сұраққа жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: