56
«Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен
аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы – Брахманға, қолы – кшатриге,
бөксесі – вайшьиге, аяғы – шудраға айналды. Ай – ойынан, Күн –
көзінен, кіндігінен – кеңістік, тынысынан – жел, басынан – аспан,
аяғынан – жер. Осылай Әлем жаратылды», – дейді Ригведа.
Ал Упанишадаға келер болсақ, дүниені жаратқан Брахман болып
саналады. «Брахман – ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін
сақтайды. Ол – дүниенің ең басы, себебі байланыстырушы». Оны қалай
танып-білуге болатыны туралы сұраққа, «нети-нети» (ол емес, ол емес)
деген жауап береді. «ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыс-
пайды ...».
Үнді мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануар-
лар сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан
тұрады. Адам дүниеге келгенде, оның бойына жан келіп кіреді және
ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне
қылмыскердің жан дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы
мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын
сақтаса, мокшаға (құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп,
бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке
жетуі мүмкін.
Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда дүниеге
байланбау, кемдерге көмектесу, еш нәрсені жәбірлемеу, өтірік айт-
пау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. «Адам байлыққа қуанбауы
керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма!»
(Яма – өлім Құдайы).
«Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке
уақытшамен жетуге болмайды» деген дана сөздерді үнді мифологиясы-
нан табуға болады.
Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған
философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: