Серік Мырзалы философия оқу құралы


Алғашқы философтар. Натур-философиялық кезең



Pdf көрінісі
бет59/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Алғашқы философтар. Натур-философиялық кезең
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) 
топырағында дүниеге келеді. Олар тарихқа «фисиологтар» (physіs – 
табиғат, грек сөзі, natura – табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айна-
лысатын ойшылдар ретінде кірді. Дүние жөніндегі мифологиялық 
көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Әлемді біріктіретін, соның 
негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат, 
біріншіден, сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері 
бар зат болуы керек. Сөйтіп, олар дүниенің бастауын мифологиядағы 
Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады.
Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, дүниеге кел-
ген ойшылдар өздерінің «даналыққа деген құштарлығын», білімге деген 
талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай, «Толығынан 
дана – ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз». 


65
Тарихи бірінші рет осындай ой-өрісіне көшіп, Милет қаласынан 
шыққан 
Фалес
(625-547 б.ғ.д.): «Алғашқы дүниенің негізін құрайтын 
зат – 
су
», – деді. Өйткені су ең бір әртүрлі өзгерістерге ұшырайтын 
табиғаттың заты, сондықтан ол табиғаттағы барлық өзгерістердің 
негізінде жатуы мүмкін. Фалес барлық заттардың қорегі дымқыл болып 
келеді, барлық тіршіліктің ұрықтары мен дымқыл табиғаты бар деген 
ойларды айтыпты-мыс деген қағидалар тарихта қалған. Құрғақшылық 
тіршіліктің өліміне әкеледі. Өмір әрқашанда сумен байланысты, бәрі де 
судан шығады, су арқылы өмір сүреді де, суда өмірі бітеді. Аңыз бой-
ынша Фалес – жүзімнің шырынын қысып шығаратын құрал жасаған 
адам. Мүмкін, бұл нәрсе де оның ойына судың, дымқылдың тірі 
өмірдегі маңызын көрсетсе керек. 
Ал адамның жан дүниесіне келер болсақ, Фалес оны барлық 
дүниедегі заттарға теңеген. Магнит темірді тартады, олай болса, 
темірдің де жаны бар екен. Олай болса, бүкіл дүние тіршілікке толы. 
Мұндай көзқарасты біз гилозоизм (hyle – грек сөзі, материя, zoe – өмір, 
тірі) дейміз. Сөйтіп, Фалес жанды бүкіл дүниедегі заттардың ішкі 
қозғайтын күші ретінде қараған. 
Фалестен қалған кейбір нақыл сөздерді «Жеті дана» жөніндегі тара-
уымызда айттық. Тағы да басқа ойларын осы арада келтіруді жөн 
дейміз. Плутархтың айтуына қарағанда, Фалеске берілген сұрақтардан 
мынандай жауаптар алыныпты. 
«Барынен де жасы үлкен кім?». «Құдай, өйткені ол тумаған». 
«Бәрінен де не үлкен?». «Кеңістік, өйткені ол бүкіл дүниені қамтиды». 
«Не нәрсе ең әсем?». «Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі оның құрамында». 
«Ең дана не?». «Уақыт, ол барлығын тудырды, тағы да тудырады». 
«Барлыққа ортақ не?». «Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтардың да үміті бар 
өмірден». т.с.с.
Сонымен, Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз-қиялдан 
айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты. 
Милет мектебінің келесі үлкен ойшылы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет