68
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе, дүниедегі құбы-
лыстардың заңдылықтарын математикалық
сандық
өлшемдермен
беруге болатынын байқайды. Олай болса, дүниенің алғашқы негізі
суда, ауада, жерде т.с.с. емес,
санда
болар деген ой келеді.
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп, Батыс
мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Музыка саласында дыбыстардың арақатынасы математикалық түрде
көрсетіле бастады. Жердегі ауа райының өзгеруі, маусымдардың келу
ерекшеліктері, тіршіліктің даму кезеңдері – бәрі де математикалық
заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің космологиясында олар геоцен-
тризмнен (geos – грек сөзі, жер; centrum – латын сөзі, орталық) бас
тартып, жердің шарға ұқсастығын, Күннің тұтылуы Айдың Жер мен
Күннің екі ортасынан өтуінде екенін т.с.с. көрсетті.
Сонымен, сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біз-
дерге сан – абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық
ой шеңберінде сан – ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың
«фюзисі», яғни табиғаты.
Достарыңызбен бөлісу: