Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет60/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Анаксимандр
. Ол 
Фалестің жан досы, оқушысы болған деген пікір бар.
Анаксимандр алғашқы негіз мәселесін тереңдете түседі. Судың өзі 
нақтылы заттың түрі ретінде алғашқы негіз бола алмайды. Алғашқы 
негіз шексіз және бейнақтылы болуы керек. Оны Анаксимандр 
апейрон
деген ұғыммен береді (apeіron – шексіз, бейнақтылы, грек сөзі).
Апейронның кеңістікте сыртқы шектеуі жоқ, яғни сандық жағынан 
шексіз, сонымен қатар ішіне қарай да шектелмеген, яғни сапа жағынан 
да анықталмайды.
Демек, ішкі және сыртқы жағынан алғанда, шексіз апейрон дүние-
дегі шектелген әртүрлі заттарды тудырады. Апейрон бүкіл дүниені 
қамтып, қоршап, бүкіл заттарды тудырып, ауыстырып отырады.
Бұл шексіз алғашқы негіз жоғарыда айтқандай құдіретті болғаннан 


66
кейін, ол Құдайға тең, өйткені ол өлмейді де құрымайды. Егер грек 
мифологиясындағы Құдайлар дүниеге келіп, мәңгілік өмір сүрсе, 
Анаксимандрдың Құдайы – апейрон – мәңгілік, шексіз, оның басы да, 
соңы да жоқ.
Анаксимандр – дүниедегі заттардың табиғатының қарама-
қарсы жақтарын аңғарған ойшыл. Олар жылы мен суық, құрғақ пен 
дымқылдың күресі.
Анаксимен
(585-525б.ғ.д.) деген ойшыл да Милет қаласында өмір 
сүрген. Табиғаттың негізінде жатқан алғашқы негіз шексіз және 
біреу болғанымен, ол бейнақтылы емес, керісінше, нақтылы – ол 
ауа

Бірақ ауаның ерекшелігі – ол көрінбейді, сонымен қатар ол өне бойы 
қозғалыста, олай болса, өзгерісте. Ауа сирей келе отты тудырады
қысыла келе желге, содан кейін бұлтқа, содан кейін жерге, сосын тасқа 
т.с.с. айналады.
Грек мифологиясындағы жанды адамның тынысымен теңеуін Анак-
симен өзінің философиясында пайдаланады. Ауа адамның жан дүниесін 
де тудырады. Олай болса, Құдайды да тудырған ауа деген пікірге 
келеді.
Алғашқы грек философиясының негізін қалаушылардың арасында 
оқшау тұрған – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет