Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет64/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Эмпедокл
(490-430 б.ғ.д.) жан-жақты дамыған ірі тұлға болған: ол 
философиямен қатар өлең жазған, саясатқа араласқан, адамдарды емде-
ген. Эмпедоклдің айтуынша, дүниенің негізінде төрт стихия (stoіcheіon –
грек сөзі, табиғат құрамы) – от, су, жер мен ауа жатыр. Оларды бір-
бірімен біріктіретін – 
Сүйіспеншілік
, ал ажырататын – 
Жаугершілік

Бірақ Эмпедокл Парменидтің бейболмыс жоқ деген қағидасын 
ұстайды. Олай болса, дүниеде қалай қозғалыс болады деген заңды 
сұрақ туады. Қозғалыс заттардың құрамындағы төрт стихияның бір-
бірімен араласқандағы көлемге байланысты болады екен. 
Сонымен, төрт стихия дүниенің алғашқы негіздерін құрайды. Олар 
мәңгілік және тұрақты, бірақ бір-бірімен қосылып, мәңгілік қозғалыста. 
Ал Сүйіспеншілік пен Жаугершілікке келер болсақ, Эмпедоклдің 
ойынша, олар рухани күштер емес, олардың табиғи қасиеттері бар. 
Сүйіспеншіліктің ұзындығы мен ені бүкіл дүниеге бірдей тарап кеткен, 
оның қасиеті ылғалдығында. Ал Жаугершілікке келетін болсақ, ол отқа 
жақын. 
Қайсы уақытта дүниеде Сүйіспеншілік билеген кезде төрт сти-
хия толығынан бір-бірімен араласып, шар сияқты болып көрінеді 
(Сфайрос – шар). Ол кезде Жаугершілік шардың шетінде. 


71
Ал Жаугершілік шардың ішіне кіре бастағаннан-ақ, әрбір стихия 
өзінше жиналып, бір-бірінен бөліне бастайды. 
Келесі сатыда бірінші үдеріс тағы да басталады... 
Дүниеде төрт стихиядан басқа тіршілік – өсімдіктер, жануарлар
адамдар бар. Олар төрт стихия арқылы қалай пайда болады? Әрине, 
бұл сұраққа Эмпедокл тұрпайы жауап қайтарады. Оның айтуынша, 
ең алдымен төрт стихияның әртүрлі бөлек-бөлек жануарлардың бір-
бірімен қосындысынан денелерінің бөлшектері пайда болды. Жер 
бетінде бір жерде қол, екінші жерде аяқ, үшінші жерде көз т.с.с. жатады. 
Екінші сатысында олар бір-бірімен ретсіз қосылып, басы адамға, 
денесі бұқаға ұқсаған т.с.с. құбыжықтардың пайда болуына әкеледі. 
Бірақ олардың өмір сүруі мүмкін емес, сондықтан олар өмірден кетеді. 
Үшінші сатысында пайда болған жануарлардың екі жыныстық 
қасиеттері бар, сондықтан олар өсіп-өне алмайды. Ең соңғы төртінші 
сатысында ғана бір жыныстық жануарлар дүниеге келіп, тіршілік әлемі 
өмір сүре бастайды.
Эмпедоклдің берген жауабы тұрпайы болғанымен, оның астарында 
тіршіліктің «мақсатқа лайықтылық» табиғаты бар екені жатыр. Ал бұл 
мәселе діннің Құдайды мойындаудағы негізгі дәлелдемелерінің бірі 
болып, мыңдаған жылдар бойы ғылымда әртүрлі дау-дамай тудырды. 
Тек ХХ ғ. ғана бұл «мақсатқа лайықтылық» барлық тіршіліктің 
миллиондаған жылдардың ішіндегі күн мен түннің, жылдың маусым-
дарының т.с.с. ауысуына бейімделуінің арқасында табиғаттағы үдеріс-
терді «алдын ала бейнелеудің» негізінде келгені дәлелденді.
Эмпедокл көптік пен қозғалыс дүниеде бар екенін көрсеткенімен
бірақ қалайша бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі дүниеден кетіп жатыр 
деген сұраққа қанағаттанарлық жауап берген жоқ. 
Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет