Серік Мырзалы философия оқу құралы


өлшемді табумен  теңестіреді. Адамға ең жақсы нәрсе –  еутемия



Pdf көрінісі
бет66/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

өлшемді
табумен 
теңестіреді. Адамға ең жақсы нәрсе – 
еутемия
(eythymіa) – жақсы көңіл-
күйде болу, ешқандай қорқыныш сезімі, я болмаса аса құмартудан 
алшақ болу. Дүниеге салқын сезіммен қарап, даналыққа көтерілу – 
адамның ең биік мұраты. 


74
§ 5. Дүниені зерттеуден адам мәселесіне бетбұрыс. 
Софистика. Сократ ілімі 
Натур-философия өз уақытының шеңберінің шегіне келіп, ары қарай 
дүниені зерттеуде жаңа идеялар тудыра алмады.
Екінші жағынан, гректердің қала-полистеріндегі саяси өмірдің жан-
дануы, әсіресе тікелей демократияның дамуы, халық жиналысының
соттың мәнінің өсуі философия саласында жаңа бетбұрыс тудырады. 
Жалпы дүние жөніндегі тебіреністерден ойшылдар қоғам мәселелеріне, 
адамның өміріне, мән-мағыналықты ашуға көп көңіл бөле бастайды.
Осы кезде грек топырағына 
софистика
ағымы келеді (sophіa – 
дана, даналық). Бұл ұғымның мағынасы даналықты, білімділікті 
көрсеткенмен, уақытында теріс мағынада «жалған білімділік» ретінде 
қолданыла басталды.
Оның негізгі себебі – софистердің оқытушылық қызметі, өйткені 
сол уақыттағы саяси өмірдің дамуы риторика, логика, философия 
ғылымдарына деген үлкен сұранысты тудырды. (риторика – әсем және 
әсерлі сөйлеу өнері, логика – ойлау заңдылықтарын зерттейтін пән). 
Өйткені саяси өмірде белсенділік көрсету үшін, жиналған адамдарға 
өзіңнің көзқарасыңның дұрыстығын дәлелдеп, олардан қолдау табу 
қажет болды, ал оның өзі оңай жұмыс емес, оған оқу керек болды. 
Өмірде пайда болған сұраныс софист-оқытушыларды дүниеге 
әкелді. Олар тек қана даналыққа емес, сонымен қатар өзінің саяси 
қарсыластарының көзқарастарының тұжырымдарын қалайша теріске 
шығаруға болады, қалай білдіртпей алдап кетуге болады т.с.с. қазіргі 
саяси технологияларда қолданылатын әдістерге ұқсас нәрселерді үйрете 
бастайды. 
Екіншіден, софистер өздерінің сабақтарына ақша алады. Негізінен, 
билікке таласатын ақшалы адамдар – аристократтар мен плутократ-
тар (arіstos – ең жақсылар, ақсүйектер, plutos – байлық, cratos – билік) 
болғаннан кейін, олардың табыстары да аз болған жоқ. Ал ол кездегі 
ерікті адамдар еңбекпен ақша тапқан адамдарға менсінбей, жоғарыдан 
қараған. Сондықтан қоғамдық санада софистер жөнінде теріс пікір 
туып, оларға «жалған дана» деген ат берілген. 
Ал, шынына келгенде, софистер философия саласында үлкен 
төңкеріс жасап, ой-өрісін физис, космос мәселелерінен этика, саясат-
тану, риторика, тіл, дін, тәрбие мәселелеріне аударды. Олай болса, 
оларды антикалық философияның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет