Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет54/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

тоқтатуға болады

«өйткені ешқашанда бұл дүниеде жек көру – жек көрумен тоқта-
тылмайды, тек қана жек көруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға 
болады. Міне, бұл – мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, 
надандық пен жек көруден арылса, еш нәрсеге байланбаса ғана әулиелік 
жолға түседі!»
Зардапты тоқтатын жол бар, ол – сегіз қырлы. Олар:
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеуде


59
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда.
Міне, осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айыры-
лып, нирванаға жетеді.
Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, 
пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардап-
тан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол дүниені көрсетіп, білім әкеліп, 
екі жолдың ортасымен өтіп, адамды тынышталуға, құдіретті білімге, 
даналыққа, нирванаға әкеледі.
Буддизмнің айтуына қарағанда, бұл дүниедегі заттар мен құбы-
лыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін 
алмастырып жатыр. Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан еш нәрсеге 
тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар, ол – 
кеңістік пен нирвана.
«Нирвананы ешкім тудырған жоқ, нирвана жөнінде ештеңе айта 
алмаймыз: ол пайда болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы 
керек пе, әлде керек емес пе, ол өткенде ме, әлде болашақта ма, оны 
көзбен көруге, құлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап 
қарауға бола ма, әлде болмай ма». Онда нирвана болмағаны ғой. 
«Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Ақиқат жолымен өмір 
сүріп жатқан оқушы, егер ол сезімдік құмартудан айырылса, нирванаға 
жетеді. «Дүниеде жел бар ма?» «Бар». Онда маған желдің түсін, бітімін, 
көлемін: үлкен бе әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, көрсетші», – 
дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: «Ол мүмкін емес, мен оны 
көрсете алмаймын, желді қолмен ұстауға, құшақтап қамтуға болмайды, 
бірақ ол бар».
Будда оған жауап ретінде: «Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, 
мен оны саған көрсете алмаймын», – деп қорытады.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл 
дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені ол адамды өзінің 
шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, дүниеге тәуелді келу 
заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап 
шектіреді, өйткені бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет