102
Ортағасырдағы діни түсінік бойынша, сүйіспеншілік («агапэ») адамның
жоғарғы игілікке ұмтылысы емес, ол – Құдайдың адамдарға түсуі. Ол
адамдарға берілген сый және қайырымды талап етпейді.
Егер гректердің ойынша сүйетін – адам болса,
жаңа рухани ахуал-
да – ол Құдай, оның сүйіспеншілігі – риясыз, ол күштіні де, әлсізді де,
кемтарды да – барлығын сүйеді... Сондықтан адамдар Құдайға еліктеп,
бірін-бірі сүюлері керек. Кімнің сүюге қабілеті жоқ, ол
әлі Құдайды
таныған жоқ, өйткені Құдай дегеніміз – сүйіспеншілік. Христиан діні
жақыныңды, алысыңды сүйіп қана қоймай, сонымен бірге жауыңды да
сүй деп, адамның мүмкіншілігінің шеңберінен
шығып кететін талап
қояды.
Адамзат тарихының жаңа мән-мағынасы
– соңғы ерекшеліктердің
бірі.
Гректердің ойынша, тарих ғарыштың тағдырымен тығыз байла-
нысты. Ғарыш оттан пайда болып, дүниежүзілік өртте құриды да, тағы
жаңа дүние келеді. Ол тағы да өртте құрып, тағы да жаңарады.
Ал жаңа дүниеге келген көзқарастың
шеңберінде тарих қайта-
ланбайды, ол өзінің соңына бара жатыр. Уақыттың соңы онымен
қатар жаратылған дүниенің сарқылуымен тең. Соңғы сот –
Құдайдың
патшалығының толыққанды келуіне тең.
Достарыңызбен бөлісу: