105
Киелі кітаптың негізгі қағидаларын терең түсіндіру мәселелеріне келіп
тіреледі.
Патристикадағы болмыс мәселелері Құдайдың төнірегінде қаралады.
Патристика бірқұдайлықты (
монотеизмді)
қорғайды,
көне замандағы
көпқұдайлыққа қарсы шығады.
Құдай идеясы патристикада, бір жағынан, толық игілік, әділеттілік,
құдіреттілік тұрғысынан қаралса, екінші жағынан, ол абсолютті болған-
нан кейін, оның ешқандай қасиетін сипаттауға болмайды, ешқандай
анықтама берілмейді, өйткені Құдай – бұл болмыстың ар жағында. Бұл
дүние – жаратылған, сондықтан
Жаратушыдан анағұрлым төменде;
материя жаратылған нәрсе болғаннан кейін, оның шырмауынан
құтылуға болады.
Сонымен қатар бұл дүниені Құдай мақсатқа лайықты әсем, игі етіп
жаратты.
Патристикалық философияның терең түп-тамыры
мистикаға
кетеді.
Мысалы, христиан дінінің «дүниені жоқтан жарату», үштік қағидасы –
қарапайым сананың да, теориялық ойлаудың да
шеңберінен шыққан
түсініксіз мистикалық нәрсе. Сондықтан Тертуллианның «credo, quіa
absurdum est» (сенемін, өйткені ақыл-ойға сыймайды) деген нақыл
сөзі сол кездегі философиялық ахуалды шынайы бейнелейді. Енді
патристиканың көп өкілдерінің ішіндегі аса ірі тұлғасы киелі Авгус-
тинге тоқтап, оның философиялық көзқарастарын талдайық.
Бүкіл христиан философиясының ірі тұлғаларының бірі –
Достарыңызбен бөлісу: