Кіріспе «Гендік инженерия негіздері» пәні болашақ биотехнолог - маманның
ӛнеркәсіптік кӛлемде адамға қажетті заттарды ӛндіре алатын, жоғары ӛсім
мен ӛнімділікке қабілетті бактерия жасушасын алу туралы жалпы
кӛзқарасын қалыптастыру мақсатын ұстанады. Әрбір биотехнологиялық
кезеңнің тиімділігін пәрменді жоғарылату және қажетті ӛнімдер бере
алатын (ӛндірістік қосылыстар, антибиотиктер және т.б.) микроағзаларді
іздестіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізу.
Осы пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:
жасуша биотехнологиясының нысандары;
жасуша биотехнологиясының теориялық негіздері;
жасуша биотехнологиясының жетістіктерін қолдану туралы
түсінік
алуы керек.
гендік инженерияның жалпы қағидалары мен ұстанымдары;
рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі ұстанымдарын;
гендік инженерияның іс жүзіндегі аспектілерін
білуі керек.
ДНҚ фрагменттерін in vitro қосу арқылы жасалатын ағзалар
сызбасын құрастыра алу;
мутацияны алуда қандайда бір нәруыздың синтезіне жауапты нақты
генді анықтай алуы керек.
Генетикалық құрастыру әдістерін - мутагенез, гибридизация,
конъюгация, трансдукция, трансформация және протопласттардың
қосылуын практикалық меңгеруі қажет.
5
1 «Гендік инженерия негіздері» пәні мен міндеттері Дәріс жоспары: 1.1 Гендік инженерияның даму тарихы.
1.2 Гендік инженерияның практикалық қолданылуы.