Б. Б. Ерниязова


 Гендік инженерияның практикалық қолданылуы



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата08.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#167986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ

1.2 Гендік инженерияның практикалық қолданылуы 
Гендік инженерия әдістері іргелі мәселелерді шешуде табысты 
қолданылады. Олар геномдардың және гендердің молекулалық 
құрылымын, сондай-ақ олардың экспрессиясын реттеудің молекулалық 
механизмдерін зерттеуде шешуші мәнге ие. Қолданыстың бастапқы 
кезеңдерінде эукариоттық ағзаларды зерттеуде елеулі прогреске қол 
жеткізуге мүмкіндік берді. Гендердің құрылымы үзілісті болатыны, 
мобильді дисперсті гендердің бар екендігі анықталып, жасушалардың 
жіктелуі кезінде гендердің қайта іске қосылуының негізгі механизмдерін 
түсіндірді, ДНҚ деңгейіндегі кӛптеген реттеуші элементтердің құрылымы 
анықталды, жекелеген жағдайлардағы жасушалардың қатерлі ісікке 
азғындауының генетикалық себептерін және т.б. түсіндірді. 
Гендік инженерия молекулалық медицина негізін құрайтын жаңа 
ғылыми бағыттардың дамуына ықпал етті: молекулалық вирусология, 
молекулалық онкология, молекулалық нейрофизиология және тағы 
басқалар. 
Гендік 
инженериядағы 
елеулі 
жетістіктер 
молекулалық 
биотехнологияның пайда болуына серпін беріп, қолданбалы міндеттерді 
шешуге де қол жеткізді. 70 ж. соңынан бастап-ақ ішек таяқшасы 
жасушаларында синтезделген адам мен жануарлардың бірқатар 



нәруыздары мен гормондары болды - соматостатин (Itakura et al., 1977), 
проинсулин (Villa-Komaroff et al., 1978), ӛсу гормоны (Martial et al., 1979). 
Енді генетикалық ӛнiмдердiң тiзiмi құрамында жүздеген дәрiлердiң және 
басқа да пайдалы дәрiлердiң атаулары бар. 
Алғашқы жылдары гендік-инженерлік тәжірибелердегі негізгі зерттеу 
нысандары Escherichia Coli К-12 жасушалары және оның плазмидалары 
мен бактериофагтары болған, себебі олар сол кезде толық генетикалық 
зерттелген болатын. Бұл бізге мақсатты түрде жаңа векторлық 
молекулалар 
мен 
реципиент 
жасушаларды 
құрастыруға 
және 
рекомбинантты ДНҚ молекулаларының қасиеттерін болжауға және оларды 
талдауға мүмкіндік берді. Бірақ уақыт ӛте келе, клондау жүйелері 
индустриялық маңызды түрлі микроағзалар, сондай-ақ, ӛсімдіктер мен 
жануарлар жасушалары үшін де әзірленді. Енді геномында кез келген 
таңдаулы гені бар ӛсімдіктер мен жануарларды алуға болады. Жұмыстың 
табысы оған инвестицияланған сомаға байланысты.
Ӛндіріске қажетті жасушаларды белгілі бір қасиеттері бойынша 
таңдайды. Қандайда бір амин қышқылы, антибиотик, стероидты гормон 
немесе органикалық қышқылды мүмкіндігінше кӛп мӛлшерде синтездеуге 
және ӛндіруге қабілетті жасушалар таңдап алынады. Кейде микроағза ӛзіне 
қорек ретінде мұнайды немесе қалдық суларды пайдалана алатындай
оларды ӛңдеп биомасса немесе мал азықтық нәруыз ӛндіретіндей болуы 
керек.
Медицинадағы қолданыста да молекулалық биология мен гендік 
инженерия бір-бірімен тығыз байланысты. Ғалымдардың міндеті - 
ағзадағы ауруды молекулалық жағдайда түсіну, проблеманы тудыратын 
заттарды анықтау және ауруды емдеуге қатысты ұсыныстар беру. Осы 
ұсыныстарды орындау «гендік инженерлерге» тапсырылады. Олар адам 
нәруыздарын белсенді ӛндіретін продуценттерді жасайды, мәселені 
шешетін молекулаларды бӛліп алу жолдарын қарастырады немесе 
құрастырып шығарады.
Осы саладағы табыстың жарқын мысалы - «Генетех» фирмасы. Гендік 
инженерияның ізашарларының бірі Г.Бойердің қатысуымен 1976 жылы 
аздаған инвестицияға құрылған, қазір ол медициналық мақсаттарда 
препараттарды жасауда жетекші орынға ие. 1977 жылы адамның протеинін 
(somatostatin) синтездейтін E.coli штаммы алынды. 1978 жылы адам 
инсулинінің гені клондалған, ал 1979 жылы - адам ӛсу гормонының гені. 
Бұл ӛнімдерді мұқият клиникалық зерттеуден ӛткізіп, 1982 жылы 
рекомбинантты инсулинді емдеуге пайдалануға рұқсат алды. Бұл инсулин 
қант диабетімен ауыратын адамдарға бірден бір қажет, себебі оларда 
шошқа немесе ірі қара малдың инсулині аллергиялық реакциялар 
тудырады. 1984 жылы VIII антитромбинді факторы ӛндірілді. Бұдан басқа, 


10 
басқа да медициналық дәрі-дәрмектер синтезінің технологиялары 
әзірленіп, пайдалануға рұқсат етілді: 
1985 ж. - ӛсу гормоны жетіспейтін балаларға арналған адамның ӛсу 
гормоны; 
1986 ж. - лейкоздың белгілі бір түрлерін емдеу үшін интерферон-
альфа-2а; 
1987 ж. - жедел түрдегі миокард инфарктісі бар науқастарда тромбыны 
кетіру үшін тіндік плазминогенді активатор; 
1990 ж. - созылмалы гранулеманы емдеу үшін интерферон-гамма-1b; 
жедел түрдегі ӛкпе эмболиясында ұлпаның плазминогенді активаторы; В 
гепатитіне қарсы вакциналар; 
1993 ж. - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар балалардағы ӛсу 
бұзылыстарын емдеуге арналған ӛсу гормоны; муковисцидозды емдеу 
үшін пульмозим; А- гемофилиямен науқастарды емдеуге арналған VIII 
факторы; 
1996 ж. - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар балалардың ӛсуіндегі 
бұзылуларды емдеуде инъекцияға арналған ӛсу гормоны; Тернер 
синдромымен байланысты ӛсудің жетіспеушілігін емдеуге арналған адам 
ӛсу гормоны;
1997 ж. - Ходжкиндік емес лимфомасы бар науқастарды емдеуге 
арналған ритуксан; Ересектердегі ӛсу гормонының тапшылығын емдеуге 
арналған ӛсу гормоны; 
1998 ж. - метастатикалық сүт безі қатерлі ісігінің нақты түрімен 
науқастарды емдеуге арналған моноклонды антиденелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет