тән қасиеттердің болуы) және кванттық шырмалу (бір жүйенің
шамаларының екінші басқа жүйелерге әсері).
Кванттық механика - заманауи
және болашақ электрониканың
негізі. Оның заңдарын жаңа нанотехнологияларды жасауға қолданылу
болашақтағы сәттілікке кепілдік болады.
Транзисторлар
1948 ж. Веіі Теіерһопе ^аЬо^а1;огіе8 компаниясында жұмыс
істейтін америка физиктері Джон Бардин Уоһп ВаМееп), Уолтер Х.
Браттэйн (Шаііег Н. Вгайаіп) және Уильям Шокли (Щ іііат §сһокіеу)
транзистор ойлап табылғаны туралы хабарлама жасады. 1956 ж.
олар физика бойынша «Жартылай өткізгіштерді зерттегені және
транзисторлық эффектіні ашқаны үшін» Нобель сыйлығын алды.
(Іс жүзінде бір мезетте және бұл авторларға
тәуелсіз Париждегі
Шгзйпдһоше компаниясының лабораториясында жұмыс істейтін
неміс ғалымдары Герберт Матар (НегЬегІ Маіаге) мен Хайнринх Вель-
кер (Неіпгісһ Шгікег) транзисторларды ойлап шығарған.) Содан бері
транзисторлардың көптеген түрлері жасап шығарылған.
Бардин өз қызметтестері Леон Н. Купер ^ е о п N Соорег)
және Джон Р. Шриффермен Уоһп К. 8сһіейег) бірге 1972 жылы
«Жоғарыөткізгіштік теориясын жасағаны үшін» физика бойынша
Нобель
сыйлығын алған кезде, осы күрделі ғылым аймағындағы
өзінің бірегейлігін көрсетті. Бұл кітапты жазу кезінде Бардин Нобель
сыйлығының екі мәрте лауреаты болған жалғыз ғалым.
Наноэлектроника негіздерін түсіну үшін компьютердің жұмыс
істеу принципі туралы базалық мәліметтер алу керек. Транзистор элек-
тронды дабылдардың реттеушісін электровакумды шамға алмастыр-
ды. Электровакуумды шамдармен салыстырғанда транзисторлардың
біраз артықшылығы бар, мысалы,
кішкене өлшемімен, төзімділігінің
жоғарылығымен, арзандығымен және беріктілігімен ерекшеленеді.
Алғашқы транзисторлар металдармен ұщтастырылған керамикалық
корпустан тұратын кішкене бөлшек түрінде болған. Мұндай транзи-
сторды электрлік сызбаның қажетті орнына дәнекерлеп қондырған.
Ұқсас оқшауланған транзисторлар бүгінгі күннің өзінде де қарапайым
сызбаларда пайдаланылады және көбінесе күрделі
интегралданған
микросхемалардың ажырамас бөлігі болып саналады. Транзи
сторлар барлық дерлік электронды құрылғыларда: компьютерлер,
радиоқабылдағыштар, ғаламдық позиционирлеу, космостық және т.б.
жүйелерде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: