•
Тіл
— белгілі бір ұғымды
немесе затты, түсінікті
белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған
таңбалар жүйесі.
•
Эмоция
(фр. emotion, лат. enoveo — толғану) —
адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған
ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын
көңіл-күй.
•
Материализм
-адам санасын , ойын
сыртқы
дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып
білуге болатынын дәлелдейді.
•
Еңбек
– өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге
қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам
әрекетінің негізгі формасы
Тілдің шығуы туралы сөз еткенде ,
ең алдымен , екі
түрлі мәселені бір-бiрiмен ажыратып алу керек . Бiрi
- жалпы адам баласы тiлiнiң шығуы , екiншiсi - жеке ,
нақтылы тiлдердiң ( қазақ , орыс ,
ағылшын
тілдерінің ) шығуы туралы мәселе . Бұл екі мәселенi
бiр - бiрiмен шатастырмаған жөн . Адамзат тiлiнiң
шығуы сонау көне
заманға , яғни алғашқы
адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе ,
жеке тілдердің шығуы кейінгі дәуірлерде болған
нәрсе . Тiлдiң шығуы туралы мәселе әртүрлі
ойшылдардың назарын
баяғыда - ақ өзіне аударып
келген . Олар бұл мәселе туралы түрлі - түрлi
пiкiрлер мен жорамалдар айтып , сан қилы
пайымдаулар жасады.