Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет15/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциясын атқаратын ведомствасы және өкілетті 
органы болып саналады.
Комитеттің аумақтық органдары бар – орман және аң аулау шаруашылығының 
облыстық басқармасы және өсімдік пен жануарлар әлемін қорғайтын Республикалық 
оперативті басқармасы.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары бойынша комитеті ҚР ауыл 
шаруашылығы министрлігінің құзыреті деңгейінде арнаулы атқарушылық және бақылау-
қадағалау функцияларын, сонымен қатар су ресурстарын басқару сферасында салалар 
арасында реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ведомствасы болып саналады.
Комитеттің аумақтық органдары бар - Алматы, Астана, Атырау, Караганды, 
Кызылорда, Костанай, Семей, Тараз қалаларындағы бассейндік су шаруашылығы 
басқармасы.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті ауыл 
шаруашылығы министрлігінің құзыреті деңгейінде балық шаруашылығын мемлекеттік 
басқару, атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сонымен қатар балық 
шаруашылық басқару сферасында салалар арасында реттеу жұмыстарын жүзеге асыратын 
ведомствасы болып саналады. Комитеттің аумақтық органдары бар – балық 
инспекциясының аймақтық басқармасы, балық шаруашылығының облысаралық 
бассейндік басқармасы. 
Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы орталық және басқа 
да өкілеттік органдары Ұлттық ғылым академиясы, ҚР білім және ғылым министрлігінің 
ғылыми бөлімшелері, сонымен қатар атом энергетика комитеті, аэрокосмостық комитеті 
және ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты 
комитеті, ҚР төтенше жағдай мен денсаулық сақтау агентствасы және б. тығыз байланыста 
болады.
Жергілікті облыстық және аудандық үкіметтің (атқарушы - әкімшіліктер және 
сайланатын - маслихаттар) мемлекеттік бақылау құқықтары бар және табиғи ресурстарды 
(тау және орман жайылымдары мен шабындықтар) пайдалану ережелерін және тарифтерін 
бекіте, табиғи ресурстарды бөле алады, сонымен қатар жергілікті жердегі ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтарды жасайды және басқарады.
Қазақстанның экологиялық саясатының негізгі стратегиясы қоршаған орта сапасын 
тұрақтандыру, адам тіршілігін оңтайлы ортамен қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтарға 
табиғи ресурстарды сақтау. Қазақстан өзінің геологиялық, демографиялық, табиғи-
ресурстық және климаттық ерекшеліктерін, өту кезеңіндегі экономикалық және әлеуметтік 
проблемаларды есепке ала отырып ұлттық экологиялық саясат құрайды. 
2. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты 
тиімді пайдаланудың өзекті проблемасы. 
Қазіргі кезде адамзаттың ресурстарды пайдаланудағы белсенділігі және ысырапшылдығы 
жаңартылатын ресурстарды жаңартылмайтын күйге жеткізуге дейін әкелді. Табиғи биотаның 
құндылығына қарамастан оған қарқынды түрде шабуыл жасалуда. Бұл қарқын биотаны толық 
жойып жіберуі мүмкін. Мұндағы басты проблемалар: 

Жерді пайдалану нәтижесінде мекендейтін орындардың бұзылуы, 

Ластану, 

Шектен тыс жүргізілетін эксплуатация (қолдану), 

Жаңа түрлердің интродукциясы (тірі ағзалардың кез келген түрінің дарақтарын 
арнайы немесе кездейсоқ тіршілік мекенінен көшіру) 

Зиянды факторлардың жиынтығы және ортаның бұзылуы (күйреуі). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет