Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет16/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Адамзаттың аса маңызды міндеті – табиғаттың заңдарын танып білу және осыған орай 
табиғатқа әсер ету. Сонымен қатар мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын көп деңгейде 
экологияландыру.
Табиғаттың адамға қатысты негізгі функциялары мыналар: 
экологиялық, 
экономикалық, эстетикалық, рекреациялық, ғылыми және мәдениеттік.
Экологиялық функциясының
мазмұны – табиғатта тепе-теңдік қамтамасыз ету, 
адамдарға экологиялық оптимум қалыптастыру. 
Экономикалық функциясының
мазмұны – табиғи ресурстар экономикалық 
қасиеттер, экономикалық потенциалмен қамтамасыз етілген. Егер экологиялық функция 
адамға қатысты мәңгі болса, экономикалық функция адам еңбектің алғашқы құралдарын 
жасағаннан бастап пайда бола бастады.
Табиғат шикізат және азық-түлік көзі ғана емес, сонымен қатар адамның тіршілік 
ортасы, еңбек ету, тынығу, шабыт алу, эстетикалық рахат алуы және с.с. орны. Табиғаттың 
адамға қатысты 
эстетикалық, рекреациялық, ғылыми және мәдениеттік функциялары
экономикалықтан кейін, адам қоғамының жоғарғы даму сатысында пайда болды.
Табиғи ресурстар
деп адамның материалдық байлықты құруға, еңбек ресурстарының 
көбеюіне, өмір сүру жағдайларын сақтауға және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал 
ететін, тікелей немесе жанама тұтыну үшін пайдаланатын немесе пайдалана алатын табиғи 
денелер, құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Бұл терминге мазмұны жағынан жақын 
термин «табиғи жағдайлар» термині. 
Табиғи жағдайлар
деп адамның өмірі мен қызметі 
үшін өте маңызды, бірақ ол өндірістік қызметте немесе қандай-да бір қажеттілікті 
қанағаттандыру үшін тікелей пайдаланбайтын табиғи денелер, құбылыстар мен процестер 
түсіндіріледі. Географиялық ғылымдарда табиғи ресурстар ұғымы кең түрде түсіндіріледі: 
бұлар қоғамның өмір сүру құралы болып табылатын және экономикада қолданылатын 
табиғат элементтері.
2. Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, 
өзгеруде
, дамуда 
болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне 
қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи 
құбылыстардың жиынтығы. Қоғамның материалдық, мәдени тағы да басқа мұқтаждығын 
қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның 
компоненттері мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады. Оларға 
атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен 
жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет