Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет27/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Бақылау сұрақтары:
1.
Жердегі атмосфералық ауаның қорлары 
2.
Климаттық тиімді аумақ дегеніміз не? 
3.
Аумақтық ерекшеліктерінің көрсеткіші қалай есептелінеді?
4.
Климаттық ресурстардың маңызды сипаттамаларын атаңыз. 
5.
Климаттық ресурстарға анықтама беріп, мысал келтіріңіз 
 
 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Дәріс №4 Жер ресурстары 
Дәріс мақсаты: 
Магистарнттарға жер ресурстары туралы түсінік беріп, литосфера 
қасиеттері мен қорларының жіктелулерін беру.
 
Дәріс жоспары: 
1.
Жер қорларына сипаттама 
2.
Жер қоры және оның құрылымы 
3.
Әлемдік топырақ ресурстары 
4.
Топырақ жамылғысының деградациялану проблемалары 
 
1. Жер қорларына сипаттама 
Жер ресурстары - адамзат өркениетінің негізі. Ежелгі заманнан бері жер адамзат 
қоғамының тіршілігінің негізі болып келеді. Жердің жоғарғы қабаты - топырақ, жер 
ресурстарын пайдаланудың маңызды бағыты - биомасса өндірісімен байланысты 
құнарлылығы бар ерекше биокосты түзілім. Бұл жер ресурстарының басты ерекшелігін 
анықтайды: жер - бұл өндірістің алғашқы факторы, жерде өндірілген ауылшаруашылық 
өнімдері әрқашан өмірдің материалдық негізі болды. 
Жер ресурстары - бұл өндірістік күштерді бөлудің және халықтың қоныстануының 
кеңістіктік негізі, яғни олар аумақтық ресурстар болып табылады. 
Табиғи ресурстардың басқа түрлерімен салыстырғанда, ауданымен бірге, жер 
ресурстарының бірқатар ерекше белгілері бар: - минералды, су, орман қорларынан 
айырмашылығы, оларды орыннан орынға ауыстыру мүмкін емес. 
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір 
адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен 
жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді 
пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Қазақстан 
жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 272,5млн.га, 
оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: 
ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, 
қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және 
мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік 
қордағы жерлер болып бөлінеді. 
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, 
егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жер қорының өдәуір 
белігінің сапасы темен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің 
басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" 
(шөлейтті) аймақта орналасқан; жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 
60%-інің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз 
өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған. Уақыт факторын ескеріп экономикалық 
бағалау 79 920 теңге болады. Сонымен, оптималдық схема таң-алған стратегияға 
байланысты: алғашқы жылдары көп пайдалану; біркелкі пайдалану; алғашында шектеп, 
соңынан ұлғайтып пайдалану болуы мүмкін.
Жер қойнауларын қорғау мәселесі литосфера қабаттарынан минералды 
шикізатты рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар түрінде неғұрлым толығымен
айырып алуды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет