Түркі халықтарыньщ ортақ жазу проблемасы
босбелбеу космополиттік қалыпқа түскен тобырға
айналдырудан басқа ешнәрсе де емес.
Түрік халықтары, әсіресе үлы Тұран өлкесін
жайлаған түрік халықтары, бұл салада көрешекті
көрудей-ақ керіп келеді. Соның бірі - қазақ халқы
жер жағдайына байланысты осы сапырылыстардың
қалың ортасында ғұмыр кешіп, бәрін де бастан
өткеруде. Енді бүгінде өз билігі өз қолына тиіп,
ұлттық мемлекетін құрып жатқанда тағы да латын
жазуына көшу мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.
Кеңес үкіметінің «арқасында» 1930-1940 жылдар
аралығында латын жазуын қабылдауға қарсы бол
ған арабшылдарды тарих сахнасынан күшпен ысы-
рып, орыс жазуы кириллицаға көшкен еді. Өйткені
латынға қарсы болғандардың алдын 1930-1937 жыл-
дары тұтас ұстап, түрмеге қамап, соңынан бәрінің
де көзін жойып, тып-типыл еткен соң, енді қоғамдық
пікірде «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмай,
халық жақтап отыр деген сылтаумен ресми түрде
орыс жазуына көшкен болатын-ды. Осы әрекеттің
зардабы өтіп кеткен болуы керек, барлық түрік
халықтары латын жазу таңбасына өтіп кеткен-
де, қазақтар мен қырғыздар әлі де рухани көштің
соңында қалып, артына қарай жалтақтаумен келеді.
Өйткені қоғамдық пікірде бұл мәселе жөнінде
қарама-қарсы екі пікір шарпысып тұр. Бірінші
пікірдегілер осы орыс жазуы таңбасында қала бе
рейік, жетпіс жылдай уақыт ішінде рухани бар құн
дылықтарымыз осы жазу негізінде жазылды. Ла
тыншаға өтсек, бұлар ұмыт болады деп уәж айтады.
Ал екінші пікірдегілер түркі халықтары латыншаға
түгел өткенде, біздің олардан қол үзіп, шектеліп
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қалуымызға болмайды, бул жазу компьютерді
пайдалануға да қолайлы деген танымды алға тар-
тады.
Менің пікірімше, біз латыншаны шартты түрде
уақытша болса да алуға баратын шығармыз, онда да
егер түркі халықтарына ортақ жазу таңбасы ретінде
қабылданса, болмаса ата жазудың, яғни ойма
жазудың ортақ жобасын жасап, ғылыми тұрғыдан
негіздеп алғанша «үйренген жау атыспаққа жақсы»
дегендей сол кириллицаның өзінде тұра берерміз.
Не себепті уақытша болса да латыншаны алып
не кириллицада тұра бермекпіз. Өйткені біздің және
жалпы түрік халықтарының ой-санасында әлі де
сырттан бөгде жұрттың жазу таңбасын алмасақ бол-
мас деген таным ұялап қалған әрі осы таным басым
жатыр. Әрине, ғасырлар бойы басқыншы отаршыл
елдердің біздің ұлттық санамызды өшіріп, тари-
хи жадымызды шайып келуінен туындаған мұндай
құлдық психологиядан бірден арылып кету де қиын
шығар. Дегенмен, алты тәуелсіз түркі мемлекеті
дүниеге келуі себепті, енді жазу таңбасы мүлде
бөлек ұлттық негіздегі ата жазуымызға қайта ора
лу, оны ортақ жазу таңбасына айналдыру мәселесі
өткір түрде күн тәртібіне қойылатын мезгіл пісіп
жетіліп келеді. Себебі Ахмет Байтұрсынұлының
танымы бойынша жазу таңбасы (алфавит) ұлт тіліне
қызмет етуі табиғи заңдылық екен.
Ал біз ата жазуымыз - ойма жазудан айырылған-
нан кейінгі замандар бойы бөгде тілден күшпен
енгізген жат жазу таңбасына (алфавитіне) тілімізді
құлдарша табындырып, қызмет еттіріп келеді екенбіз.
Бұл құлдық сананы бұзу арқылы ата жазуымызға
210
Достарыңызбен бөлісу: |