Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
секречнные судьбы», Москва, 2005, С. 152),
- деп
нұсқау беруінде жатыр. 1937 жылы қазақ зиялы-
лары мен елдегі есті адамдардың жүз мыңдайы
атылып, атақтыларының үрім-бұтағын қалдырмай,
тіпті, жамағайындарына дейін түгел көзін жою осы
қаһарлы нұсқауға байланысты болатын-ды.
Бұған
Абай ұрпақтарының тағдыры т.б. мысал бола алады.
¥лтшылдық сезім - елін, жерін сүйген әр ұлт
адамына жарасымды қасиет, бірақ ол нәсілшілдік
сезіммен ұштасса, жазылмайтын рухани улы дерт.
Мұны бүкіл әлемге гуманистік
танымға жат неміс
фашистерінің тағылық қылықтары айғақтады. Ал
бүгінгі орыстардың ата-бабалары неміс фашизміне
қарсы кұресіп, оларды күйретіп, күлін көкке ұшырса,
олардың бүгінгі азғын ұрпақтары «тақырбастар»
атанып, нәсілшіл шовинистерге айналуда. Бұл
аса күрделі де қиын мәселені танып білудің өзекті
тамыры ата тарихтың аса терең қабаттарында
жатыр. Ресей империясы
мен кеңестік қызыл импе-
рия нәсілшіл шовинистік саясатты дәстүр ретінде
ұстанды. Мұның мәні майда ұлттарды ассимиля-
цияға түсіріп, саяси бір организмге айналдырып
жіберуді мақсат тұтқан мемлекеттік миссионерлік
саясатының болмысын танып білуде жатыр. Бұл
мәселенің
тамырын қуалап, саяси болмысын танып
білмейінше, құлдық сананың ноқтасына мәңгілікке
таңылып қала бермекпіз. ¥лтты қ санамыздағы
құлдық ноқтасын саналы түрде үзбейінше, рухани
болмысымыз қараңғылық
қапасына шырмалып қа-
ла бермек.
Қазақ ұлты мәңгүрттікті тәңіріден өзі тілеп ал-
ған жоқ, оған Ресей империясының миссионерлік