ұясын (ядросын)
біртіндеп жою мақсатын шешуші
орынға қойды. Дала қазақтарының бәрін де сана-
лы түрде мәңгүрттендіруді саяси мақсат ретінде
ұстанды.
Осы жағдайды ескере отырып, патша үкіметі
түркі халықтарының ішінде алдымен қазақтарды
ерекше қыспаққа алып, жер бетінен сыпырып тастау
әрекетінен тайынбады. 1865 жылғы наурыз айын-
да I Александр патша ерекше мәні бар мәселеге
өз қолымен жазатын раскриптінде қазақтарды шо
қындырып оры станды ру туралы саяси құжатқа
ресми түрде қол қойды. Бұл байламды жергілікті
билік арқылы құпия түрде біртіндеп асықпай жүзеге
асыруға бағыт алды. Қазақтарды шоқындырып оры-
стандыру мәселесі Святой синодқа тапсырылып,
миссионерлік саясат үшін мемлекет тарапынан ора-
сан зор қаржы бөлінді.
Святой синод қазақтарды православие дініне
шоқындырып, оры станды ру мәселесін миссио-
нер ғалымдарға тапсырды. Осы себепті кіші жүзді
шоқындырудың басына профессор Ильминскийді,
орта жүзді
оры станды руды ң басына
проф ес-
сор Алекторовты, Түркістандықтар мен ұлы жүз
қазақтарын шоқындырып орыстандырудың басына
атақты профессор Остроумовты қойды. Қой терісін
жамылған ашқарақ қасқырдай миссионерлер бір
ауыздан қазақтарды шоқындырып орыстандырудың
ең сенімді жолы бұратана халықтарға арналған
аралас мектеп
түріне шешуші мән бере қарады.
220
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
Бүл істі жүзеге асыру үшін алдымен қазақтардың
мың жыл бойы қолданып келе жатқан араб жазуын
кириллицаға ауыстыру мақсатын жедел қолға алды.
Бұл үшін оры сж азу таңбасын жүзеге асыруды, сенімді
болуы үшін, қазақтардың өз ішінен шыққан өкіліне
тапсыру жолы қарастырылды. Бұл аса күрделі де
нәзік мәселеде, профессор Ильминскийдің ұсынысы
бойынша, Ыбырай Алтынсаринді пайдалану қолға
алынды. Бірақ патша үкіметі өзі билік құрып тұрған
кезде бұл арманын жүзеге асыра алмай, арманда
кетті. Бұл мәселені кеңес үкіметі билікті толық қолы-
на алған соң, халықтар достығы ұранын бетке ұстап,
зорлықпен тез арада құйындата жүзеге асырғаны
нан көзі қарақты оқырманның бәрі де хабардар.
Қазақтарды ш оқындыру арқылы орыстанды-
ру мәселесі жүзеге аспаса, оларды жер бетінен
жойып жіберу мақсаты ашық айтыла бастады. Мыса-
лы, патша үкіметінің ерекше істерді жүзеге асыра-
тын шенеунігі, шоқынды Балкашин Жетісу, Семей
губерниясын аралап, жарамды жерлерді орталықтан
келген қара ш екпендерге беру үшін зорлыққа
басқанда, оған Потанин қарсылық пікір білдірді. Сон-
да Потаниннің қарсылығына Балкашин «империяға
жер керек, қазақтар қайда кетсе онда кетсін» деп
ашығын айтқан болатын. Немесе 1916 жылғы қазақ
жері мен Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық көтеріліс-
ті басып-жаншу үшін Санк-Петербургтен арнайы
түрде патшаның ең сенімді, айлакер, аса тәжірибелі
қарт генералы Куропаткин жіберілгені туралы ақын
Мәди Меркішұлы:
|