ұлтты қ мемлекет
дегеннен зәре-құты қалмайды, қандай жолмен бол
са да бізді адастырып, теріс бағыттайды.
Осы құбылысты сырттан бақылап отырған ойшыл
жазушы Ш. Айтматовтың М. Шахановқа жазған
пікірінде: «...В. В. Путин оры стілін білмеген адамның
Ресей азаматы бола алмайтынын кесіп айтты...
Өздеріңде қойылып отырған «қазақстандық ұлт»
идеясы, негізінен, американдық бағытқа жақындау,
қателеспесем, тікелей ұлтсыздануға бастайтын жол
сияқты», - деп қауіптенуінің негізі бар жанды пікір.
АҚШ -тың қоғамдық болмысы бізге мүлде жат
құбылыс. Еуропадан келген байлық көзін іздеушілер
12 млн. үндістердің көзін жойып, солардың сүйегінің
үстіне орнатқан азаматтық мемлекет - ұлтсыздан
ған мемлекетке айналып, американдықпыз деген
танымды
орны қты рды .
Біздегі
«қазақстанды қ
ұлт»
деген идея осы
американдықпыз
дегеннің
Қазақстандық баламасы болып жүрмесіне кім
кепілдік бере алады? АҚШ мемлекетінің табиғи
болмысы мүлде басқа, ол - долларға ғана табынған
космополиттік қалыптағы өзгеше қоғам. Ап, біздің
болмысымыз - көшпелі өркениет негізінде руха-
ни құндылықты ар тұтқан өзіндік қайталанбас
ерекшелігі бар мүлдем басқа қоғам. Біз АҚШ -тың
технологиялық жетістігін меңгеруге ұмтылмасақ,
ол қоғамның шектен шыға бастаған, азғындыққа
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
249
үрынған
м оральды қ
ж ағы нан
алар
татым-
ды қүндылығымыз бола қоймас. Бүл түгілі бүгінгі
еуропалы қтарды ң бір
кездегі
өрлеген
рухани
қүндылықтарынан қол үзіп, мінез-қүлық жағынан
азғындыққа қарай қүлдырауы кімге опа бермек?!
Осы құндылықтардың болмысына сын көзімен қарай
отырып, талдап, талғап барып алуғанымыз жөн
шығар.
Евроцентристік қалыптан шыға алмау Қазақ-
стандағы педагогика ғылымы саласында анық
байқалады. Біздегі оқыту, тәрбиелеу қүралына
айналған педогогика ғылымының моделі еуропалық
халықтардың түрмысы мен қоғамдық болмысы
негізінде жасалған. Қазіргі барлық оқу орындарын-
дағы тәлім-тәрбие жұмысы осы ғылымның негізін-
де жүргізіліп келеді. Оларға өмір есігі кеңінен
ашылғаны соншама, қазірдің өзінде осы саладағы
ғылым докторлары ның өзі бізде 350-ден асып
жатыр. Олар ұлттық, халықтық педагогиканың даму
өрісіне тұсау салып, айтарлықтай кедергіге айна-
лып отыр. Ал түрік халықтарының көшпелі өркениет
негізінде қалыптасқан табиғи болмысы өзіне сай
қайталанбас ерекшелігі бар тұрмыстық-отбасылық
ұлттық тәлім-тәрбие жүйелерін қалыптастырды.
Бірақ қазақ жерінде исламияттың орнығуына бай-
ланысты оның, яғни қазақы салт-сананың, тәлімдік
тәрбиедегі ұлттық сипаттың біршама өзгерістерге
түскен жағы да болды. Біздің халықтық педагогикалық
танымымыз осы қазақылық, исламдық өркениет
негізінде жасақталып, ғасырлар бойы қолданысқа
түсіп, бірте-бірте толысып, тұрақты қалыпқа түскен
еді. Осы себепті оның ғылыми моделі ұлттық,
250
Достарыңызбен бөлісу: |