Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет136/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Қазақ қалай мәңгүрттенді?
деп жаламен атылуына себеп болған еді. Өйткені 
ол Үндістанды отарлаған ағылшындар мен қазақ 
елін отарлаған Ресей отарш ы лдары ның қанды 
қол әрекеттерін салыстыра отырып, Қазақстанның 
Ресейге қосылуы кертартпа құбылыс деп бағалап, 
айғақты дәлелін де айтқан еді.
Ресей 
патш алығы түркі халықтарын тұтас 
жаулағанда отаршылдықтың ең сорақы түрі -
скват-
терстволық тәсілді 
ұстанған еді. Отарлаудың бұл 
түрі бойынша тартып алынған жерге метрополия- 
дан әкелінген келімсектерге әлеуметтік жеңілдіктер 
жасап, 
мәңгілікке қоныстандыру 
мақсатын жүзеге 
асыруға барын салды. Бұл әрекеттің де кеңестік 
заманда шешуші саясат ретінде ұсталғаны КОКП 
ОК Бас хатшысы Н. С. Хрущевтың Жалтыр станция- 
сында тың игерушілерге арналған сөзінде орыстарға 
«Бұл 
жердің иесі сендерсіңдер», 
- деп қадай айту- 
ынан байқалады.
Ресейдің қазақ жеріне 
водворение саясатын
енгізуінің себебі де осы скваттерстволық саясат- 
ты жүргізумен тікелей байланыста жатқан құбылыс. 
Қазақ 
елі 
Ресейге 
«өз 
еркімен» 
қосылғанда 
халықтың тілі, ділі, діні және ұлттық салт-санасы 
тұтас, тұрмыстық мәйегі уыз қалпымен енген еді. 
Ресей отаршылдары қазақ елінің осындай бір бүтін 
тұтастық қалпына айрықша жауығып, миссионерлік 
саясатын қарсы қойды. Мемлекеттіңбасты м а қс а ты - 
қазақтарды шоқындырып орыстандыру ісіне шешу 
ші мән берді. Бұл саясат қазақтардың ұлт ретінде 
рухани жағынан азып-тозып, ұлттық санасы мен 
халықтық тарихи жадынан айырылып, тұтас мәң- 
гүрттенуіне алып келді.


Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
253
Ағылшындар жаулаған үнділердің үлттық санасы 
жоқ болуы себепті, олардың бәрі де шөкімдей жер 
дің шылауында қалып, адам төзгісіз үлттық езгіге 
түсуі мен рухани жағынан қорлануынан туындаған 
стихиялы күресі олардың ұлттық санасының ояну- 
ына, касталық ұғымның шеңберінен шығуға алып 
келді. Ол елде ағылшындар қаншама университет 
пен оқу орындарын ашып, миссионерлік саясаттың 
шырмауына түсіруіне қарамай ұлттық санасы оянған 
үнділер тәуелсіздік жолындағы күресте жеңіп шықты.
Ал, Ресей отаршылдары жаулаған қазақтардың 
рухани әлемі мен ұлттық санасы жаншылып, ел 
билеу жүйесіндегі жабайыларды жабайылардың 
қолымен тұншықтырудың болыстық жүйесі халық 
психологиясын, мінез-құлқы мен тұрмыстық салтын 
бұзып, ұлттық құндылықтарымыздан жаппай айыры- 
ла бастадық. Сонда біздің Ресейге «өз еркімізбен» 
қосылғандағы ұтысымыздан ұты луы м ыз басым 
түсіп, ұлт ретінде жұтылып кетуге біржола бағыт 
алсақ, бұл несімен прогрессивті құбылыс болмақ? 
Демографиялық жағдайымыз бойынша ¥лы Отан 
соғысы алдында 6 миллион адамнан 2 миллионға 
түсіп кетсек те, ерте туып, кеш қалып мәңгүрттенген 
зиялыларымыздың біразы ескі стереотиптік жат 
ұғымынан арыла алмай қоғамды қ ой-сананы ң 
дамуына оралғы болып келеді.
Ресей 
империясы ны ң ұсақ ұлттарға деген 
нәсілшіл шовинистік ұстанымын теңкерістен кейін 
большевиктер бірде ашық, бірде жасырын түрде 
жалғастырып келді. Бірақ бұл әрекетін халықтар дос- 
тығы ұранымен бүркемелеп, ұсақ ұлттарды алдау- 
сыратып, оларды орыстандыру мен мәңгүрттендіру


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет