Су басынан тұнар болар!
үшін ұлтшылдықтың жаңадан бес-алты түрін ойлап
тауып, ресми терминдік сөзге енгізіп жіберген сабаз-
дар бүгінгі мәңгүрттенген қазақ байқұстарды, «бұтаға
паналаған торғайдай» пана іздеп ығысқан қазақтар-
ды ығысқан үстіне ығыстыра түспек. ¥лт мүддесін
орынды сөз еткен сайын орыс тілді баспасөздер,
әсіресе, оппозициялық баспасездер шуылдап шы-
ға келеді. Егерде ол сабаздар ғасырлар бойы
ұлттық езгіге түскен қазақтардың орнына өздерін
қойып ойланса, шындыққа көзі жетіп, ұяты барлары
әділетсіздіктерін сезінер еді. Немесе Прибалтикаға
бірер айға барып келсе, шел басқан көкірек көзі
ашылар еді. Не Ресейдің орыс тілін 5 жылда
м еңгермесе,
азам атты ғы н
берм ейтіні
сияқты,
Қазақстан да 5 жылда мемлекеттік тілді үйренбесе
азаматтығын бермейтін болса, не етер еді?! Қысқа-
сы, біздегі монотілділер «тәуба» дегенді білмей-
ақ кететін түрі бар. Тоңмойындықты кешегі заман
көтерсе де, бүгінгі заман талабы көтере алмайтынын
сезіну керек шығар.
Қазақстандағы мектептердің үштен екісін таза
орыс мектептері мен аралас мектептер құрайды.
Бұлардағы сейлеу тілі орыс тілі, яғни бұл мектептер-
де орыс тілі сөйлеу ортасын қалыптастырып отыр.
Аралас мектеп мемлекеттік тілдің табиғи орнын
алуға кесірін тигізуде. Аралас мектеп бұлақтың
басында тұрып алып, су ағысын басынан бастап
лайлап, ботана суға айналдыруда. Бізге кертарт-
па құбылыстан арылу үшін аралас мектептерді
жағдайға, уақытқа, орналасу орнына қарай жыл өт
кен сайын өзгертіп, қазақ сыныптарын қазақ мек-
тебіне, орыс сыныптарын таза орыс мектептеріне
Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қосу арқылы аспай-саспай біртіндеп ыңғайластыра
беру керек. Бүл арада аралас мектептердегі сынып-
тарды оқу тіліне қарай жүйелеп үйлестіріп бөлу -
Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті білім
департаментінің ең басты міндеттері болып қала
бермек.
Аралас мектепті қазан теңкерісіне дейін Ресей
империясы үсақ үлттарды оры станды рып шо-
қындырудың,
саяси
бір
қүралға
айналды ры п
жіберудің шешуші кілті ретінде жүзеге асыруға қызу
ат салысып, белгілі нәтижелерге қолдары жетті.
Бұл империялық миссионерлік саясатты
Ком-
партия бастаған қызыл империя аралас мектепті
интернационалдық тәрбиенің бесігі ретінде қарап,
ездері үстанған миссионерлік жасырын саяса-
тын бүркемелеп өткізіп, үлт мектептерін біртіндеп
білдірмей жоюдың, бір тілді кеңес халқын қалыптас-
тырудың бесаспап құралы ретінде пайдаланды.
Патшалық замандағы аралас мектеп пен қызыл
империя тұсындағы аралас мектеп арасындағы
орыстандыру арқылы ұлтсыздандыру мақсатында
айырма болмады. Аралас мектеп миссионерлік сая-
сатты жүргізудің дәстүрі ретінде қабылданды.
Ал бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда аралас мектептің
дамуына ат салысып, оны тұгелдей таратып жіберу-
ге қарсы астыртын күресетін күш ұлы державалық
санадан арылмаған монотілділер мен солар жүр-
гізген саясаттың «жемісі» болған биліктің барлық
сатыларында отырған өзіміздің ұлтсызданып кос-
мополиттенген ада қазақтар мен шала қазақтардың
ұрпақтары екенін неге жасырамыз?! Таң атпайын
десе де күн қоймайды дегендей, мемлекеттік тіл
282
Достарыңызбен бөлісу: |