Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет156/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Билік басына қазақ үлтының өкілі Қонаев саяси 
бюро мүшесі ретінде үзақ отырған кезден бастап 
қазақтар саны жыл өткен сайын молығып, тұрақты 
түрде өсу жолына түсті.
Күдік тудыратын мәселенің өзекті желісі - басқа 
түрік халықтары тұрақты түрде еселеніп көбейіп 
отырғанда, ноғай, қырым татарлары мен қазақ 
халқының кеңестік дәуірде жыл өткен сайын азайып, 
қазақтардың өз жерінде 29%-ға дейін түсіп кетуінде 
қандай құпия жасырын сыр жатыр?
М әселенің түп төркіні осы сырға қанығып, 
оқырман көзін шындыққа жеткізуде жатыр. Түрік 
халықтары санының өсу, эволюцилық даму жолын
салыстырып кө эеиік:
1897 жылғы 
санақта
қазіргі күнде
1
Өзбек
2,2 млн.
12,36 есе өсті
2
Түрікмен
0,8 млн.
5,6 есе өсті
3
Қырғыз
0,5 млн.
5,7 есе өсті
4
Тәжік
0,5 млн.
4,5 есе өсті
5
¥йғыр
43 мың.
6 есе өсті
Немесе 
қазақтардың 
Орталық Азия халықтары 
ішінде пайыздық көрсеткіші:
1897 жылы 52,5%;
1911 жылы 57,5%;
1926 жылы 37,5%;
1939 жылы 28,2%;
1951 жылы 27,1%;
1970 жылы 26,5%;
1979 жылы 25,5%;
1989жылы 23,3%-ға дейін құлдырап, төмендеген.


288
Халың санағының астарлы сыры үн қатса.
Бүл пайыздық көрсеткіште қазақтардың 
90 жылға
ж уы қ мерзімде
пайыздық керсеткіші үнемі төмендеп, 
оталып отырған құбылысты көреміз.
Қазақтардың Орта Азиялық халықтарға қарағанда 
саны жағынан үнемі тоқтаусыз азайып отыруының 
себебі неде? О рталы қтың қысымы не себепті 
қазақтарға ерекше түсе берген?
Мәселенің мәні осы себепті ашуда жатыр. 1916 
жылғы 6 млн. қазақ өсіп-өркендеудің орнына 1940 
жылы 1 млн. 900 мыңға дейін құлдырап, 3 есе- 
ден аса азайған. Ал бұл кезде көршілес отырған 
қырғыз, түрікмен, тәжік, ұйғырлар 5 есеге, өзбектер 
12 есеге дейін көбейіп, үнемі өсіп, ерлеу жолын- 
да болған. Бұл халықтардың бәрі де бір саяси 
жүйеде, бір мемлекет ішінде өмір сүрді. Бірақ 
қазақтар елден ерекше өсудің орнына өшіп, азайып, 
саны жағынан төмен қарай құлдырап отырған. Осы 
мәселе тұрғысынан қарағанда беделді тарихшы, 
ойшыл ғалым Мәмбет Қойгелдиев: «... Жалпы тарих- 
ты қарап отырсақ, Кеңес өкіметінің тіршілік еткен 
бүкіл ғұмырында 
біздің үлтқа ерекше мән беріп,
қауіптеніп отырғанын
байқау қиын емес» («Үш 
қиян», 26.12.2008ж.), - деп мәлімдеп, мәселенің түп 
теркінін дәл басып көрсетіп отыр. Осы қауіптен ха 
бары бар ҚКП О К-нің идеологиялық хатшысы 
Нұрымбек Ж анділдин Мәскеулік студент Мақаш 
Тәтімовке «Студент бала! Егер өткенді Мәскеуде 
жүріп зерттемек болсаң, 
адамдардың (қазақтардың)
санын емес,
Қазақстандағы мал шығынын зерт- 
те» (М. Тәтімов «Ел басы және ел саны», Апматы. 
2009, 42-бет), - деп халық санын зерттеуге құпия 
сырды ашып қояр дегендей шошына қарауы - Кеңес




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет