292
Халық санағының астарлы сыры үн қатса..
жолындағы Ресей империясының қаскөй саясатын
зерттеп, сана сынынан өткізу - бүгінгі ұрпақ парызы-
на айналып отыр.
Қазақ халқына қарсы орталықтың саналы түрде
жүргізген қаскөйлік әрекеті болмағанда, санымыз
жағынан түрік халықтарыны ң
арасында ең көбі
болып, 30 млн-ға жетер едік. Санымыз асып өсудің
орнына даму қарқынымыз 2-3 есе азайып оталуы
ұлттық қасіретімізге айналды. Неге? Не себепті
бұлай болған?
Ресей империясының қол астындағы отарланған
ел ретінде 1731-1917 жылдар аралығында, яғни
186 жылдай бодандық ғұмырымыз өтті. Екі ғасыр
оңай
уақыт емес, небір дүрбелең оқиғаларға толы,
күңгейінен көлеңкесі басым жатқан шырғалаңы
мол заман еді. Тәуелсіз билік тізгіні қолдан кет-
кен соң отаршыл үкімет орнатқан ел билеу жүйесі
қазақтар үшін әдейі «ұзын арқан, кең тұсауға» салған
уақытша биліктен, XIX ғасырдың екінші жартысы-
нан ауа «жабайыларды
жабайылардың қолымен
тұншықтыру» жүйесіне салынған билікке ауысқан
заман келді. Отаршыл үкімет саясаты
соғыс ота-
рынан жер отарына
ауысып, ислам дінін патша
үкіметі уақытша қолдап болған соң, 1867 жыл-
дан кейін шоқындыру арқылы орыстандыруды
мақсат еткен миссионерлік
саясатқа шешуші орын
берілді. Қазақтар үшін отарлаудың ең қатігез түрі -
скваттерстволық (отарланған жерге келімсектерді
орналастыру арқылы үстемдік ету жолы) жолды
ұстанды. Қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми
түрде заңдасты ры п
алған
соң,
келімсектерге
шұрайлы, сулы жерлерді тартып әперу арқылы