Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
291
сіңіп, тарихи орнын жоғалтты. Ал қырым татарла-
рын Ресей 1771 жылы жаулап алуына байланысты
қырым татарларының саны азайып % парасы сыртқа
қашты. Өйткені Қырымның генерал-губернаторы
Борозциннің: «А татарам велел уходить на четыре
стороны», - деп астамдық көрсетуі осының айғағы
болатын-ды.
2) 1780 жылы қырым татарлары өз жерінде
мүлдем азшылыққа айналып, саналы түрде қуғын-
дауға түсті. Қырымдағы 680 село қаңырап бос
қалды. Осы қасіретті көрген журналист: «...татар-
ские семейства все, от стара до мала, пошли
на кладбища сказать последнее «прости» своим
похороненным предкам, эти изгнанники опускают-
ся на колени, бьют себя кулаками в грудь и целу-
ют землю. Ни воя, ни криков не слышно, тихо
струятся слезы на их загорелых лицах» (Крым, Сем-
ферополь. 1930, С. 114), - деп жазуынан халық
қасіретін көзбен көргендей боламыз. Қырым татар-
ларына бұл қасірет аз болғандай, олардың қалған-
құтқан ұрпақтарын 1944 жылы түгелдей жер аударып
жіберді. XVI ғасырда саны жағынан орыс халқының
жартысына тең болған қырым татарлары бүгінде 0,5
млн-ға жетпес халде тұр. Бір кезде Бақшасарайдай
астанасы болған қырым татарларының мемлекеті
құлап, Ресей тарапынан қуғындалып, жер бетінен
жойылудың алдында тұр.
3) Ресей империясының құрбандығына ұшырай
жаздаған үлкен халықтың бірі - қазақтардың да
тағдыры бір кездері хал үстінде тұрды. Мың өліп,
мың тірілген қазақ халқының қасіретін танып білу,
оны халық ретінде жер бетінен жойып жіберу
292
Халық санағының астарлы сыры үн қатса..
жолындағы Ресей империясының қаскөй саясатын
зерттеп, сана сынынан өткізу - бүгінгі ұрпақ парызы-
на айналып отыр.
Қазақ халқына қарсы орталықтың саналы түрде
жүргізген қаскөйлік әрекеті болмағанда, санымыз
жағынан түрік халықтарыны ң арасында ең көбі
болып, 30 млн-ға жетер едік. Санымыз асып өсудің
орнына даму қарқынымыз 2-3 есе азайып оталуы
ұлттық қасіретімізге айналды. Неге? Не себепті
бұлай болған?
Ресей империясының қол астындағы отарланған
ел ретінде 1731-1917 жылдар аралығында, яғни
186 жылдай бодандық ғұмырымыз өтті. Екі ғасыр
оңай уақыт емес, небір дүрбелең оқиғаларға толы,
күңгейінен көлеңкесі басым жатқан шырғалаңы
мол заман еді. Тәуелсіз билік тізгіні қолдан кет-
кен соң отаршыл үкімет орнатқан ел билеу жүйесі
қазақтар үшін әдейі «ұзын арқан, кең тұсауға» салған
уақытша биліктен, XIX ғасырдың екінші жартысы-
нан ауа «жабайыларды жабайылардың қолымен
тұншықтыру» жүйесіне салынған билікке ауысқан
заман келді. Отаршыл үкімет саясаты
соғыс ота-
рынан жер отарына
ауысып, ислам дінін патша
үкіметі уақытша қолдап болған соң, 1867 жыл-
дан кейін шоқындыру арқылы орыстандыруды
мақсат еткен миссионерлік саясатқа шешуші орын
берілді. Қазақтар үшін отарлаудың ең қатігез түрі -
скваттерстволық (отарланған жерге келімсектерді
орналастыру арқылы үстемдік ету жолы) жолды
ұстанды. Қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми
түрде заңдасты ры п
алған
соң,
келімсектерге
шұрайлы, сулы жерлерді тартып әперу арқылы
|