Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
өздерінің саяси-әлеуметтік тірегіне айналдырды.
Жергілікті халықты түрмыстық, ұлттық қанау арқылы
құнарсыз шөлейт жерлерге ығыстырып, аса қауіпті
жағдайда қалдыруы себепті чиновник Балкашин
сияқты ерекше тапсырма жүктелген чиновниктер:
«Империяға жер керек, қазақ қайда кетсе онда
кетсін», - деген сезді ашық айта бастады. Қазақ хал
қын Ресей империясы мен Кеңес үкіметінің ерек-
ше қысымға алып, жыл өткен сайын санын азайтып,
отап отыруының белгілі себептері болса керек-ті.
Мен оның алты түрлі себебі бар деп қараймын.
Олар:
1.
Бұл әрекет, біріншіден, жер отарлау саяса-
тының осындай жүгенсіз әрекетін ез кезімен көріп
өскен ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:
Түбінде құруыңа елден ерек,
Мен айтайын болады
жерің
себеп, -
деп қазақ жерінің ит талаған терідей тоз-тозы шығып
жырмалануы - халықтың жыл өткен сайын саны азай-
ып, құрдымға түсіп құруына алып келерін сезгендіктен
айтқан еді. Өйткені болып өткен соғыстардың бәрі
де жер үшін болатыны талас тудырмаса керек.
2.
Екіншіден, ұлан-байтақ қазақ жерін, яғни
апайтөс алып даланы Ресей империясы әр түрлі жол-
дармен бір жарым ғасырға жуық уақытта әрең жау-
лап меңгерді. Өйткені қазақ жері Азияны жайлаған
басқа түрік-моңғол халықтарының жау өтіне ұстаған
темір қалқанына айналуы -
отаршылдардың жо-
лын байлап тұруы оларды қатты ашындырды. Қа-
зақтардың белін сындырып, ұлттық рухын жаншы-
майынша түпкі ұлы мақсаты - отаршылдыққа жетуі
неғайбыл екенін білді. Бұған I Петр патшаның сөзі
294
Халық санағының астарлы сыры үн қатса...
айғақ. Осы себепті әр қилы саяси айла-шарғыларды
қолдану арқылы қазақтардың өсіп-өнуіне жол бер-
мей, біртіндеп олардың санын қысқартып, жыл өткен
сайын отап отыру саясатына жол берді.
3. Үшіншіден, Ресей отаршылдары қазақ жерін
жаулау арқылы Түркістан өлкесіндегі хандықтарды
1-2 жылда жаулап алып, бодандыққа түсірді. Олар
екі елді (Қазақстан мен Түркістан өлкесін) салысты-
рып, Қазақтардың
үлт т ы қ санасы
жоғары болса,
Түркістандықтардың ұлттық санасы жоққа тән екенін
көрді. Қазақ жеріне 150 жылдай шабуылдағанда,
қазақ батырлары қарулы қолмен барлық жерде
қарсылық жасап, басқыншылардың бетін қайтарып
отырса, өзбекхандықтары бірінен со ң бірі құлағанда,
не өзбектің, не тәжіктің, не сарттың бір батыры
да қарсылық көрсете алмауы - олардың ұлттық
санасының жоқтығын танытты. Ресейге ең қауіпті
жау енді елін, жерін сүйген ұлттық санасы жоғары,
еркіндікте өмір кешкен қазақ халқы болып шықты.
Қазақтар үшін Ресейдің ендігі ұстанар саяса-
ты - олардың ұлттық санасын өшіріп, рухани тамы-
рынан қол үздіру үшін шоқындыру арқылы орыстан-
дырып мәңгүрттендіру арқылы тобырға айналдыру
және жыл өткен сайын санын азайтып, отап отыруға
бағыт алды.
4. Төртіншіден, қазақ халқының оқыған зиялы
ұлдары
1905-1917 жы лдар аралығында Түрік
бірлігін қолдап Алашорда партиясын құрып, авто-
номия сұрауы - отаршылдарды шоқ басқандай шо
шытты. Осы жылдары Думаның депутаты Марков
қазақтарды Шыңғысхан мен Темірланның ұрпағы
ретінде, американды қтар қызылтерілі үндістерді
|