Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет162/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?» 
299
Адам есімінде
астар бар...
(Түрік халықтары 
антропонимдерінің саяси әлеуметтік 
проблемалары жайында)
Тіл білімі саласында пайда болған ономастика- 
лық ғылым тармағының елеулі бір бөлімі антропо- 
ним деп аталады. Оның мағынасы жеке кісілер есімі 
туралы жалпы үғым-танымдардың пайда болу, даму 
жолын, қалыптасу тарихын назарда үстап зертте- 
умен айналысатын өзіндік бір арнаға айналды. Адам- 
зат баласының пайда болуымен қатар қоғамдасқан 
қауымдардың тарихи әрекетке келу жолында ру, 
тайпа, ұлыстардың тарих сахнасына шығуына байла- 
нысты жеке индивидтердің есімін анықтау мәселесі 
алға қойылды. Бірақ бұл мәселе сол қауымның ға- 
сырлар бойы қалыптасқан дүниетанымына, өзінше 
ұстанатын идеологиясына тікелей сабақтасып жатты. 
Қоғамның дамуы мен оның рухани әлемінің өзгеруіне 
орай жеке адам есімдеріне де өзгерістер еніп отыр- 
ды. Бұл - бүкіл адамзат қауымына ортақ құбылыс.


300
Адам есімінде астар бар.
Осы 
тұрғы дан 
қарағанда 
түрік халықтары 
тербеліп ескен еркениетте отырықшылдық қалып- 
тан гөрі көшпелі тұрмыс-салты басым болып келуі 
себепті, ол қоғамның дербес мүшесі, яғни жеке кісі 
есімдері де сол қоғамның дүниетанымына тәуелді 
болып отырды. Түрік халықтарының жеке кісі есімін 
қоюда ұстанған өзіндік ұлттық ерекш елігіне сай 
келетін қалыптасқан салт-дәстүрлері болған.
Түрік халықтары жеке кісі есімін қоюда, кебінесе, 
табиғат аясында болып жатқан көріністер мен өзде- 
рі ұстанған діни нанымы мен дүниетанымына, тари- 
хи өзгерістерге тәуелді болып келетіні байқалады. 
Не себепті түрік халықтары иеленген жеке кісі 
есімдерінің мағынасы мен аталымы уақыт өткен 
сайын әр қилы өзгерістерге ұшырап отырған, оны 
өзгертуге ықпал ететін шешуші құбылыстарды қалай 
танып білсек болады?
Түрік халықтарының өткендегі ең кене дәуірдегі 
ата-бабалары сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері 
дәуірлеген заманда жеке кісілер есімі тасқа жазы- 
лып, хатқа түскен деректер көзіне назар аударар 
болсақ, ол есімдер таза әрі мөлдір түрінде ешқан 
дай басқа халықтар есімімен араласпай сақталған. 
Ол замандағы ата-бабаларымыздың ең басты 
қарым-қатынас жасаған мемлекеті қытайлар болған.
Тұран жеріне 
алғаш рет 
сұрапыл шабуылдар 
жасап және оқтын-оқтын қайырыла басқыншылық 
жасап отырған қытай мемлекеті болатын-ды. Екі 
арадағы теке тіресте бірде жеңіп, бірде жеңіліп 
жүрсе де, кейде олармен тікелей араласып қанаттас 
отырса да, ешқандай қытай есімдерімен араласпай 
таза сақталған қалпын көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет