Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет160/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
295
қалай қырса, солай қырып тауысу мәселесін Дума- 
да кетерді. Ал орыстың саяси элитасы қырық жыл- 
дан бері бір байламға, яғни қазақтарды жер бетінен 
сыпырып тастау керектігіне тоқтағанына генерал- 
губернатор Куропаткиннің күнделігі куә.
Қорыта айтқанда, Ресей империясының қазақ- 
тардың санын саналы түрде азайтып, қолдан келсе 
жер бетінен жоғалтып, ұлан-байтақ ата қонысын 
мәңгілікке иемденуден басқа мақсаты болмағаны 
айдан анық мәселеге айналды.
Заман өзгеріп, патшалық құрылыс құлап, билікке 
1917 жылы қарашада большевиктер партиясы келді.
Өмірге үрандата келіп, таптық саясатты ұстанған 
кеңес үкіметі мен большевиктер партиясының бас- 
ты кемшілігі сөзі мен ісінің алшақтығы болатын. 
Халықтар достығын ұран етіп, ақыры патша үкіметінің 
орыстандыру саясатын жалғастырушы мұрагеріне 
айналғанын тарихи өмір ағысы айғақтап жатты. 1920 
жылы өткен БК (б) ОК X съезінде қаралған ұлт сая- 
саты туралы іргелі шешімдер Сталиннің билікке 
келуімен байланысты жүзеге аспай, қағаз бетінде 
қалды.
Кеңес үкіметінің қазақтар туралы ұстанған сая- 
саты патша отаршылдарының ұстанған саясатының 
дәстүрлі жалғасының өзі болып шықты. Мұны ке 
ңес үкіметі кезінде әр түрлі мақсат тұрғысынан 7 
рет өткізілген халық санағының қорытындылары 
айғақтап отыр.
5. 
Бесіншіден, бүкіл түрік халықтарын қол 
астында ұстаған Кеңес үкіметі өміршең, жасампаз, 
дархан көңілді қарапайым қазақ халқына не себепті 
ерекше көңіл бөліп, қауіптене қарады. Бүтін бір


296
Халық санағының астарлы сыры үн қатса.
халыққа бүлай қараудың бөлгілі себептері де болуы 
керек-ті. Біздің байқауымызш а, саяси-әлеуметтік 
тартыстарда түрік халықтары арасында қазақтардың 
қоғамдық ой-санадағы бірлігі мен рухани тұтастығы 
және қазақ отбасының саяси деңгейі биік күрескерлік 
қабілеті жоғары болуы билікті сескендірсе керек. 
Өйткені 1917-1920 жылдар арасындағы саяси билік 
жолындағы күресте қазақтар Алашорда партиясын 
құрып, Ресей қол астында ұлттық автономиясын 
жариялап үлгерсе, 1924 жылы Түркістан респу- 
бликасын ұйымдастырып, оның төрағасы ретінде 
Т. 
Рысқұлов 
мәселені 
М әскеудегі 
орталыққа 
ұсынады. Міне, Қазақстан мен Түркістандағы осын- 
дай зор саяси-әлеуметтік өзгерістерге негізінен қа 
зақ саяси элитасының басшылық етуінен орталық 
сескене 
бастады. 
Түркістан 
өлкесіндегі 
түрік 
халықтары одағын ыдыратып, бөлшектеу саяса- 
тын ұстанды. Ал Мәскеудегі орталық Қазақстанда 
билік тізгінін Голощекинге беріп, соның қолымен 
ашаршылық ұйымдастырып, халықтың тең жарты- 
сын қырып салды. Ой-сананың ұйытқысы болған 
қазақ зиялыларын тапшылдық саясат негізінде бірін- 
біріне саналы түрде айдап салу арқылы олардың 
көзін тұтастай жойды. Келешек жастарды руха- 
ни тамырынан ажыратып, орыстандыру арқылы 
мәңгүрттендіруді қолға алды. Ол үшін қолданыстағы 
жазу таңбасын екі рет әуелі араб жазуы таңбасынан 
латын жазу таңбасына ауыстыру (1930 жылы), екінші 
рет, он жыл уақыт өтпей-ақ, латыншаны кириллица 
ға алмастыру (1940 жылы) арқылы көздеген 
мақсатына жетті. Қазақтардың өз қолымен от көсеу 
принципін ұстанды. Кириллицаны Ы. Алтынсарин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет