290
Халық санағының астарлы сыры үн қатса.
Кавказ. Москва, 1910, с. 302), - деп жазуы Кав-
каз халықтарын соғыста қынадай қырған аяусыз
жауыздыққа шыдай алмаған шындықтан туып отыр.
Бұл ойлы генералдың пікірі болса, сол Кавказ
соғысын көзімен көрген орыстың ұлы классик ақыны
А. С. Пушкиннің: «Отаршылдар жергілікті халықты:
авар, құмық, қарашай, шешен, ингуш, дарғын, балқар,
кабарда, шеркеш, лезгін, адық, лак, ноғай, тукхум, то
басарандарды
атамекендерінен қуып, бұл жерлер-
ге ішкі Ресейден лек-легімен ағылған казачествоны
қоныстандырды. Шеркештер кеп қырылды. Кейбір
тайпалар тұтастай жойылып кетті» (А. С. Пушкин.
Собр. сочинений в десяти томах. Т. 7. Москва, 1984,
с. 302), - деп жазуы арқылы Ресей империясының
ж ауызды қ іс-әрекетін әлем алдында әшкерелеп
отыр. Осы саясатты
Кеңес екіметі жалғастырып,
соғыс кезінде, 1944 жылы, жерді тазарту үшін Кавказ,
Қырымдағы мұсылман халықтарды тұтас депорта-
циялап, қоныс аудартып, қырғынға ұшыратты. Кеше
ғана болып өткен шешен соғысында Ресей үкіметі
үшінші рет шешендерді қанды қырғынға ұшыратса,
осетиндер мен абхаздықтарды Грузиядан заңсыз
ажыратып отыр. 1926 жылы Кеңес одағында 194 ұлт
болса, ал 1991жылы 101 ұлт қана қалып, 93
ұлттың
жұтылып, жоқ болып сіңісіп кетуі - мойны жуан
Ресейдің дәстүрлі қатігез отаршылдық саясатының
жалғастық табуы болып отыр. Қазақ, ноғай, қырым
татарлары Кеңес өкіметінің ерекше назарына алы-
нуы - ұлттың тағдырына қасіретті өзгерістер әкелді:
1)
Ресейдің өкпе тұсында орналасқан Ноғай
хандығы
құлаған соң, ноғайлар күшпен шоқын-
дыры лып
оры станды рылды.
Ақыры орыстарға