Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
139
О баста референдумсыз, пайызсыз-ақ күшпен,
зорлықпен, жергілікті халықпен санаспай-ақ патша
әкімдері қойған, отаршылдық немесе жеке басқа
табыну тұсы ндағы халық тілегін көзге ілмеген
тоталитарлық топонимдер заңсыз деп табылып
айыпталып, оларды у-ш усыз-ақ қалпына келтіру
әділетті болмақ. Өйткені топонимика мәселесі де
саяси ұлттық мәселе болғандықтан, ұлт мәселесі
референдуммен, пайызбен шешілмейтінін ұғынатын
уақыт жетті емес пе?
1985 ж.
140
Сана қалай орыстандырылды?
Сана қалай
орыстандырылды?
(Жазу таңбаларын өзгерту сыры неде?)
«Орап көркем перделермен жасырдың,
Сүмдығыңды дуниеден асырдың».
С. Сейфуллин
Адамзат баласының өркениет жалына жарма-
сып, жазу таңбасын ойлап табуы, оның әр қилы
күнделікті тұрмыс пен қоғамдық ой-сананы сақтап,
байытып, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің ең сенімді
төте құралына ие болуы - саналы тіршілік иесінің
рухани даму жолындағы ұлы табысы, теңдесі жоқ
жетістігі болып табылмақ.
Әріп таңбаларының алғаш рет күнделікті қоғам-
дық тұрмысқа енуі, тоқтаусыз айналысқа түсуі, өмір
заңымен жаңарып, алмасып отыратын ұрпақтар
дүниетанымының, яғни халықтың тарихи жадының
дәстүрлі жалғастығын тудырады. Ол келе-келе адам-
зат санасының өткен тарихы мен бүгінгі саналық
жетістігін тарихи тұрде ұштастырып, халықтың тари-
хи зердесінің рухани жағынан қорлануына жол ашып,
сондай-ақ өркениетті құбылыс атаулының басты да
Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
141
шешуші тірегіне айналмақ. Әрине, әріп таңбаларын
ойлап табу арқылы дүниеге келген жазу-сызу үдерісі
емір қажеттілігінен, күнделікті қоғамдық болмыстың
табиғи талабынан туындаған рухани құбылысқа
айналды.
Өркениетті бүкіл әлем тарихының қай саласына
назар аударсақ та, жазу-сызудың пайда болу тари-
хы әр алуан. Ол әр қилы тарихи тағдырды бастан
кеше отырып, сан түрлі жүйеде дамыған. Жазу-сызу
түрлерінің кейбірінің өмірі қамшы сабындай қысқа,
ал енді біреулерінің ғұмыры мәңгілікке ұласып,
үнемі даму үстінде саяси-әлеуметтік күрес жолы-
мен толысып отыруын байқаймыз. Жазу-сызудың
осындай сан қатпарлы тарихын танып білу қоғамдық
ой-санамыздың, рухани даму жолдарымыздың сан
ғасырлық тарихын дұрыс түсінуге септігін тигізбек.
Бұл өзі көп салалы, сан тарау мол тақырыптарға
жіктеліп, кең көлемде әңгіме желісі етуді қажетсінетін
аса күрделі түбірлі мәселе.
Біздің арнайы түрде сөз етіп, назар аударғалы
отырған өзекті тақырыбымыз - түркі халықтары мен
оның бір тамырдан, яғни ата тілден өркен жайып,
түрік тілді туысқан халықтарға салаланып бөліне-
тін оғыз, қарлұқ, қыпшақ топтарының ғасырлар бойы
қолданып, жетілдіріп келген атамұрасы ретінде
жазу таңбаларының пайда болу, үдере даму, өзгеру
жолдары. Қалыптасқан ұлттық жазу таңбаларын
отаршылдардың жергілікті халықтың өз ырқынан
тыс зорлықпен өзгерту, бөтен, тегі жат жазуға алмас-
тыру себептерінің астарлы сыры бар. Олардың алы-
сты көздеген саяси-идеологиялық мақсат қоятын
саналы әрекеттеріне ой көзімен сынай қарап, қыс-
142
Достарыңызбен бөлісу: |