134
Жер қалай орыстандырылды?
су, елді мекен аттары халық санасынан үмытылып,
тарихи естің ешіп кетуіне әкеліп отыр. Екі классиктің
шығармаларында суреттелген бұрынғы елді мекен,
жер-су аттарын келешек оқырман жас ұрпақтар енді
қайдан іздемек? Мүмкін, олар осы аудандағы елді
мекен, жер-су аттарының бір кезде тұтастай қазақ
тілінде қалыптасқанына күмәнданатын да шығар?
Көкшетау
облысының Келлер, Красноармейская,
Куйбышев аудандарындағы 162 елді мекен атау-
ларының бірен-сараны болмаса, түгелге жуық орыс
тіліндегі атаулармен ауысқан. Бұларға біз ұжымшар,
кеңшар, мектеп атауларын қосып отырған жоқпыз.
Бір кездерде революционер
асқақ ақын Сәкеннің
«Кекшетау» деп аталатын атақты поэмасында:
«Дүниеде әрбір бөлек жердің аты,
Себеппен қойған бәрі елдің аты.
Әлгідей себептермен атаныпты
Шыңдар мен тау ішінде көлдің аты...
Бұл іске Бурабайдың тасы куә,
Оқжетпес, Ж ұмбақтастың басы куә! -
деп мақтаныш сезіміне бөлене отырып жырлаған
атамекен, жер-су атауларының қазір бірлі-жарымы
ғана қалған.
Мұндай топонимикалық
біржақтылықтың белгісі
Павлодар облы сыны ң аудандарында да орын
алып отырғаны Успенский ауданына қарасты он екі
ауылдық кеңес пен қырық елді мекен атауларының
тұтас өзгеріп кетуінен айқын керінеді. Сыңаржақ
асыра сілтеудің мұндайлық «классикалық үлгісі»
ТМД елдерінің бізден басқа ешқайсысында ұшы-
распайды.
Әрбір
халық туған жер, атамекен жұртындағы