Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
125
бири. Новосибирск, том 7, 1986, С. 35), - деп жазып,
кеп мәселенің астарлы сырын ашып береді.
1888 жылы
Балкашин Ж аркентте (Панфи-
лов) қайтыс болғанда, оның атын мәңгі есте
қалдыру мақсатымен бір кезде өзі тікелей арала-
сып, қазақтардан тартып алынған жерге оның аты
қойылды. Содан бері бірнеше ұрпақалмасып үлгерсе
де, Балкашин селосының аты өзгертілмей сақта-
лып келеді. Яғни ол жердің о замандағы байырғы
аты ұмытылып, соңғы ұрпақ санасына белгі беріп
отыратын ақпарат көзінің бірі өшті деген сөз.
Қажеті болсын, болмасын ж ергілікті тілдегі
ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан микрото-
понимдер, әсіресе, колзоздастыру кезіндегі асыра
сілтеу тұсында сапырылысқа түсіп, күнде өзгертіліп
жатты. 1937 жылдарға дейін атақты революционер-
лер мен партия қайраткерлерінің атына қойылған
елді мекен, жер атаулары олардың репрессияға
ұшырап, жалаланып кетуіне байланысты сан рет
өзгеріп отырды. Өзгерістердің жиі болғандығы сон-
дай, тіпті, сол ұжымшарда туып-өскен адамдардың
өздері туған жерінің о бастағы аталуын естен
шығарып та алды. Ал Қазақстанда тың, тыңайған
жерлерді меңгеру тұсында кең өлкедегі ғасырлар
бойы мызғымай сақталып келе жатқан сан мыңдаған
топонимикалық байырғы жер атаулары тағы да
бұрын-соңды болып көрмеген жаппай өзгерістерге
ұшырады. Тыңдағы қала, село, ұжымшар, кеңшар,
бөлімшелердің атаулары «Правда» газетінде ай-
тылғандай (1987, 20 қыркүйек), тілдегі, дәстүрдегі
ұлттық ерекшеліктерге сүйенбей, оларды есепке
алмай қойылып жатты. Топонимикалық өзгерістер
126
Жер қалай орыстандырылды?
жергілікті халықтың еркінен тыс, олардың пікірімен
санаспай басакөктеп тізеге басып жүргізілді. Мәсе-
лен, бір ғана Н. С. Хрущевтің өктемдігімен, респуб-
лика халқы ны ң еркімен санаспай-ақ бір күнде,
ғасырлар бойы өмір сүріп келген Ақмола қаласы
мен Ақмола облысын Целиноград қаласы мен
Целиноград облысына айналдырып жіберу осыны
көрсетеді. Осы облыстағы топонимикалық езгеріс
осымен ғана байыздап қойған жоқ, қайта жыл асқан
сайын тоталитарлық дәстүрдегі елді мекен, жер атау-
лары қоздап бір ғана «целина» сөзіне негізделген
аудан, ауылды қ кеңес, үжымшар, кеңшар, мек-
теп, мәдени үй т.б. атаулары тираждап көбейтіліп
жатты. Әрине, бүл озбырлықтың төркіні тыңға келген
Н. С. Хрущевтің Ж алтыр станциясында: «...жергілікті
халықтан үміт күтпеңдер. Қазақтар жаратылыстары-
нан тоғышар, жалқау көрінеді. Өздерің қимылдаңдар.
Жер иесі енді сендерсіңдер» («Халық кеңесі». 1990,
26 маусым), - деп сөйлеген идеялық ой сарынын-
да үдей түскені бүгінде жасырын сыр емес. Патша-
лы Ресей империясы жүргізген келімсектерді қаптай
қоныстандыру, славян халықтарын көбейте түсу сая-
саты тыңды игеру деген сылтаумен өзінің дәстүрлік
жалғастығын тауып жатты. Бұрын халықтық топо-
нимика отаршылдық топонимикамен саналы түрде
саяси-идеологиялық мақсат көздей ауыстырылса,
енді кеңестік дәуірде отызыншы жылдар басы-
нан бастап-ақ олардың орнын тоталитарлық топо-
нимика алмастырып жатты. Соңғы екеуі де жергілікті
халықтың тарихи есін көмескілеуге, өткенін келер
ұрпақтан жасыруға, ұлттық дәстүрі мен тілін ұмыт-
тыруға бағытталып отырғанын байқау қиын емес.
|