Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қала, елді мекен, жер-су атауларын түгелдей езгер-
ту жұмысы алдымен қолға алынды. Мысалы,
бұрынғы Екатеринбург - Свердловск, Александров-
ский - Запорожье, Святой крест - Буденовка болып
өзгерді. Бұл бет алыс тек ірі топонимикалық атау-
ларды ғана қамтымай, тіпті, микротопонимдер мен
қалалардағы көше атауларына дейін қалдырмай
жаппай жаңарту саясатына алып келді. Себебі жаңа
қоғам алдына қойған мақсатты жүзеге асыруы -
жаңа дүниетаным, жаңа идеология тұрғысынан ескі
дүниетаным негізінде қойылған атауларды өзгертуі
заңды құбылыс еді. Бірақ орталықтан алыс шет
аймақтағы бұрынғы отарланған жерлерде бұл өзге-
ріс ез дәрежесінде жүрмеді. Мысалы, Қазақстандағы
патша ағзамдардың құрметіне қойылған ірі қала
аттары (Павлодар, Петропавл) өзгеріссіз қала берді.
Тіпті, 1923 жылдың өзінде Петропавл қаласына
бұрынғы Қызылжар атауын беру туралы облыстық
сессияда арнайы түрде күн тәртібіне қойылып
қаралғанымен, қарсылық күшті болып, өзгеріссіз
қала берді. Революциялық идеологияның рухына
жат патша ағзамдары мен үстем тап өкілдерінің аты
қойылған ірі қалалар мен облыстар бүгінде тек біздің
республикамызда ғана сақталып отыр.
2.
Енді алғашқы бағыт-бағдардан келіп туын-
дайтын нәрсе - географиялық жер атауларына ре-
волюциялық рухтағы дүниетанымды білдіретін жаңа
топонимикалық атауларды қалыптастыру үрдісі қызу
жалғастырылды. Мәселен, бұрынғы Петроград -
Ленинград, Ново-Николаевский - Новосибирск т.б.
болып қайта өзгертілді.
3.
Революциялық идеология рухында қайта
118
Жер қалай орыстандырылды?
құру бағытындағы лениндік ұлт саясаты іс жүзінде
емірге енді. Осы тұрғыдан бұрынғы отар болған
ұл тты қ
өл кел ердегі
отарш ы л д ы қ
мазмұнда
қойылған географиялық елді мекен, қала, жер ата-
улары бұрынғы табиғи қалпына келтірілді. Мысалы,
Петровск-Порт - Мақашқала, Полтарацк - Ашхабад,
Перовск - Қызылорда, Верный - Алматы т.б.
В.
И. Лениннің басшылығымен жүргізілген гео-
графиялық жер атауларын революциялық рухтағы
таптық принципте, ғылыми негізде қалыптастыру
жүйесі мен жаңа бастамалары жеке басқа табы-
ну заманында және соңғы тоқырау жылдарындағы
ауажайы луш ы лықта Қазақстанда топоним икалы қ
сауатсыздықтың белең алуына алып келді. Бұл
көрініс 1986 жылы жарық көрген «Қазақ КСР-інің
әкім ш ілік-территориялы қ бөлінісі» деген кітапта
байыптай қараған кісіге айқын көрініп тұр. Жай
қарағанның өзінде мен мұндалап тұратын басты
олқылықты атап өтсек те жетіп жатқандай.
Қазақ жеріндегі отаршылдық мазмұнда қойыл-
ған елді мекен атауларының ең ірілері өзгертілді
де, көптеген қала, село, шағын елді мекен атаула-
ры патша отаршылдары қойған қалпында өзгеріссіз
қалып кетті. Олардың кейбіреулері қазір іріленіп,
аудан, облыс орталықтары мен жұмысшы поселка-
ларына айналып отыр. Нақтылы мысалдарға жүгі-
нейік: бұрынғы Черняев уезі,
Беловод (Ақсу)
учаскесіне қарайтын қазіргі Жуалы, Түлкібас аудан-
дарындағы отаршыл әкімдер қойған елді мекен ата-
улары сол қалпында сіресіп тұруы осының айғағы.
XIX ғасы рды ң 80-жылдары нда Жуалы жеріне
қойылған: Евгеньевка, Самсоновка, Казанка, Благо-
|