Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет64/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Отанға, халыққа сіңірген елеулі еңбегі бар қоғам 
қайраткерлерінің атын шектен тыс кез келген жерге 
қоя беру, қоғам қайраткерлерінің аты қойылған 
жерге ешқандай тарихи байланысы болмаса да ол 
атауды тираждап көбейтудің де теріс ықпалдары 
болды. Орталық баспасөздерде бұл әрекет те 
қатты сынға алынуда, түзетулер енгізілуде. Тіпті, 
өзге өзге, ал отаршылдық мазмұнда қойылған елді 
мекен атауларының тираждап көбейтілуін қалай 
түсінеміз? Патша ағзамдардың атына қойылған 
отаршылдық топонимикалық есімдер: Алексеевка -
14 рет, Константиновка - 13 рет, Николаевка (Ново- 
Николаевкасын қоспағанның өзінде) - 15 рет, Михай- 
ловка - 17 рет, Апександровка - 24 рет, Павлов- 
ка - 25 рет көбеюін қай заңдылыққа жатқызамыз?
Кезінде ойшыл ғалым, сергек сезімді ақын- 
жазушы атаулының бәрі де тарихи ес пен халық 
тарихына тікелей қатысы бар елді мекен, жер атау- 
ларын орынсыз, сол жердің тілдік, ұлттық ерекшелігі 
мен дәстүріне байланыссыз сыпыра өзгерте беруге 
наразылық білдіріп отырған. 1941 жылы астанаға 
гитлершіл басқыншылар тарапынан қауіп төнгенде, 
Мәскеуден Көкшетаудағы Бурабайға келе жатқан 
атақты ғалым, академик В. И. Вернадский темір 
жол бойындағы аты өзгеріске түскен тарихи мәні 
зор қалаларға ой жібергенде: «Төменгі Новгородты 
- Горький, Пермьді - Малотов, Тверьді - Калинин 
деп тарихи қалалардың атын өзгерту маған өте 
жаман әсер қалдырды. Бұлардың арасында Пермь 
орыс емес халықтың мәдениетіне байланысты өте 
көне қала емес пе?» («Литературная газета», 1988, 
16 наурыз), - деп қынжыла жазуында өте қажетті


128
Жер қалай орыстандырылды?
астарлы мән-мағына жатыр. Бұл тұжырымды ғалым 
географиялық елді мекен, жер атауларының бәрі де 
бір рет аты қойылып, тұрақты құбылысқа айналған 
соң, өзгеріске жиі түсе бермей байырғы қалпын 
сақтаса, тілдің көне қабатындағы айтылу түрін, 
көне үлгісін сақтаумен бірге сол халықтың басынан 
өткен тарихи оқиғалардың да айтулы бір белгісі 
ретінде халықтың тарихи жадын толықтырып жан- 
дандыра беретін рухани аккумляторы іспеттес аса 
қастерлі баға жетпес қазынасына айналарын танып 
білгендіктен айтып отыр.
Патриот, адал ойшыл ғалымдар, әсіресе, атақты 
Бируниден бастап, елді мекен, жер атауларын өткен 
тарих сырларын топонимикалық атаулар арқылы 
бір ұрпақтан бір ұрпаққа жеткізер өткізгіштер сияқты 
жалғастық табатын қастерлі дәстүр ретінде бағалап, 
оларды езгерту өткенін хабарлап мағлұмат берер 
тарих тілін кесумен бірдей саналатын аса қауіпті 
құбылыс болуы себепті бұл мәселеге шешуші мән 
бере қараған.
Кейде бір елді мекен, жер атауының түп төркіні, 
егер тарихын танып ашу үшін үңілер болсақ, ойға 
оралмас ғажап тарихи оқиғалар желісін алдыңа 
жайып, үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін дерек-мағ- 
лұматтарды көлденең қоятыны бар. Мысалы, Жам- 
был облысы Мерке ауданындағы Аспара деп ата- 
латын ауылдық кеңесті Акерменский деп өзгертудің 
себебін біле алмадық. Ойланбай, алды-арты- 
на қарамай өзгерте салған керенау кісілер осы 
Аспара сөзінің астарында қандай тарихи оқиғалар 
желісі керініс тапқанын білді ме екен? Немесе Май 
ауданындағы Ж алтыр аталып келген ауылдық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет