Мекемтас Мырзахметүлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
газетінде жарияланған Еңбекші қазақ, Арыс аудан-
дарында жаңа әліпке қарсылық болғанын ашу про-
курор мекемесіне жүктелсін. Орындаушы комиссия-
ның бастығы Ораз Исаев» (Еңбекші қазақ, 1931, 25
май) деп ресми түрдегі саяси ызғар шашуы ол кезең
үшін аса қауіпті ескерту еді. Тіпті, бұл аз дегендей,
тағы да Ораз Исаев қол қойған арнайы жазылған
үндеуінде: «...Ж арияланып отырған 20 күндік ішінде
бүкіл кеңсе ісі жаңа әліпке көшірілетін болсын.
Жаңа әліпті білмеймін дейтін қызметкерлер жаңа
әліптің
жасырын жауы
деп саналып, сотқа тартыл-
сын» (Еңбекші қазақ, 1931, 25 май), - деп жоғары
үкімет атынан ресми үндеу тастады. Бұдан, тіпті,
түрік халықтарын ойма жазу таңбасынан араб жазу
таңбасына алмастыруға кіріскенде, орта ғасырдың
жабайы айла-тәсілдерін қолданған Кутайба ибн
Муслимнен де асып түспесе, кем соқпайтын боль-
шевиктік вандализмнің солақай сілтейтін тұрпатын
көргендей боламыз.
Бұл пікіріміз жай айтыла салған жел сөз емес,
өйткені Кутайба ибн Муслим соғды, ойма жазуымен
жазылған кітаптарды кәпірлік еңбек болуы себепті
өртесе, біздің атқамінер шолақ белсенділеріміздің
одан да асып түскендігін доцент Г. Ақпанбетовтің
мақаласында: «...Отызыншы жылдардың аяғында
оң жазумен (араб жазуымен) жазылған діни кітаптар
деген желеумен әдеби, тарихи, ғылыми кітаптар да
көптеп жойылған екен. Араб графикасымен жазыл-
ған бір парақ қағаз үшін он жылға жер аударылған
айғақтарды (фактілерді) баспасөз бетінен кездесті-
ріп жүрміз» (Зерде, 1991, №8, 21-бет), - деп жазуы
көп сырдың бетін ашады.
172
Сана қалай орыстандырылды?
Ал орыс жазуыны ң таңбасына көшу кезінде
бұрындары іштей күш ретінде санасып келген
зиялы қауым 1930 жыл мен 1937 жылдың қанды
қасап қырғынында түгел көзі жойылуы себепті,
Голощекиннің қазақ зиялыларын бір-біріне айдап
салу арқылы тұтас көзін жою саясаты өз «жемісін»
берді. Орталық биліктің қолын босатып, ішіне жиып
келген уын қалауынша халық санасына сіңдіріп
жіберуге толық жағдай жасалды.
Латын жазу таңбасынан енді орыс жазу таңбасы-
на көшу идеясы 1937 жылғы қызыл қырғыннан кейін
қайта тіріліп, оны тез арада жүзеге асыру тура-
лы пікірлер әр тұстан бас көтере бастауы себепті
«Халықтың қалауы бойынша» деген жалған сылтау-
мен 1940 жылы орыс жазу таңбасы қабылданып,
жүзеге асып жүре берді. Яғни ғасырлар бойы патша
миссионерлерінің армандаған, сол жолда талай
жылдар бойы күресіп жүзеге асыра алмаған мақсат-
мұраттарын кеңес үкіметі тез арада-ақжүзеге асырып
үлгерді. Большевиктер партиясының миссионерлік
саясатты жалғастырушы әрі сол саясаттың рухани
мұрагері ретінде кертартпа дәстүрді жүзеге асыру-
шы болып шығуы кездейсоқ құбылыс емес еді.
Өйткені осы өзгерісті 1941 жылғы 13 маусымдағы
санында «Известия» газеті: « ...институт языка
и письменности народов СССР Академии наук,
научные и общественные организации союзных и
автномных республик завершили работу огромного
культурного значения. Около 50 народов нашей
страны получили новые алфавиты, составленные
на основе русской графики», - деп отаршылдық
миссионерлік идеяны үлкен мәдени зор мәні
|