174
Сана қалай орыстандырылды?
фикасын тез меңгеріп, сауатын оңай ашты» (Қазақ
әдебиеті, 21.06.1991 ж.), - деп жазуында нағыз
шындықтың негізі жатыр. Ахаң жасаған қазақша төте
араб жазу графикасы, яғни Ахаңның жазу рефор-
масы 1962 жылы Апматыда өткізілген Бүкілодақтық
конференция қорытындысында («Вопросы
разви-
тия литературных языков народов СССР», Апма-
Ата, 1964) орта ғасырлық өңезі шығып көнерген
жазу еді деп бағаланып, бұл ғылыми танымға үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын жасанды жалған пікір
кең көлемде өріс алып, қалың оқырманды адастыру-
мен келеді.
Айрықш а назар аударатын саяси мәселенің
өзекті де нәзік тұсы - түрік
тілді халықтарға орыс
жазу таңбасын
қаз қалпында
өзгертпей тұтас
қабылдату саясатында жатыр. Түрік тілді халықтар
сөзінің фонетикалық табиғаты мен ерекшелігіне сай
жасалған ұлттық дыбыстарды (мысалы қазақтардағы
ә, ө, ғ, қ, ң, і, ү, ұ)
бір-біріне жақындастырып,
бір ыңғайға келтіріп унификациялап берудің орны-
на, оларды әр ұлт тілінде әр түрлі таңбалармен
белгілеп, түрік халықтары бірін-бірі оқып, түсіне
алмастай халге келтіріп, өзгертіп жіберді. Түрік тілді
халықтардың орыс графикасы негізінде берілген
өз тілдерінің табиғи ерекшелігінен
туындаған әріп
таңбаларын бір ыңғай түрге келтіріп, унификация
жасап жақындастырудың орнына, оларды саналы
түрде, қастандықпен бір-бірінен алшақтатып, бірін-
бірі оқи алмастай қиындатып
жіберудегі мақсат нені
көздейді?
Бұл өздері ұрандатып жүрген халықтар досты-
ғы - интернационализм бе, әлде көлгірсіп оты-